ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Экономика / Ресей Қазақстанның банк саласына қайта оралуға дай...

Ресей Қазақстанның банк саласына қайта оралуға дайын

Экономика 27.03.2025, 12:34 635
Ресей Қазақстанның банк саласына қайта оралуға дайын
exclusive.kz
Ресей Трамп әкімшілігінің көмегімен өзінің қаржы секторын батыс санкцияларынан кезең-кезеңімен құтқаруға дайын. Кеше АҚШ пен Ресей арасындағы Қара теңіздегі атысты тоқтату жөніндегі келісім...

Ресей Трамп әкімшілігінің көмегімен өзінің қаржы секторын батыс санкцияларынан кезең-кезеңімен құтқаруға дайын. Кеше АҚШ пен Ресей арасындағы Қара теңіздегі атысты тоқтату жөніндегі келісім аясында ресейлік банктердің SWIFT жүйесіне қосылу мәселесі шешілді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Кремльдің мәліметі бойынша, алғашқы болып Россельхозбанк жүйеге қосылады

"Россельхозбанктен кейін Сбер тобы да SWIFT жүйесіне қосылатын болады. Қазір Сбер барлық санкцияларды алып тастау бойынша Кремльмен бірлесіп қадамдарды пысықтап жатыр. Бір сөзбен айтқанда, Ресей Трамппен жақындығын пайдаланып, Сбер үшін толық жол ашуды көздеп отыр", - деп хабарлайды DALA INSIDE дереккөзі.

Осы орайда, Сбер өзінің халықаралық нарықтағы жоғалтып алған позицияларын қайта қалпына келтіру үшін қадамдар жасауда. Санкциялардың қысымымен Қазақстанда сатылған банкін қайта сатып алу жоспары қарастырылуда. Қазіргі кезде оның аты Bereke болып өзгерген Қазақстандағы бұрынғы еншілес банкі Катардың Lesha Bank тобының қолында. Арабтар Bereke банкін бағасын көтеріп, өздеріне тиімді шарттармен қайта сатуға қарсы емес екендерін білдірді.

"Lesha Bereke-ні Қазақстан Үкіметінен номиналды түрде 65 миллиард теңгеге сатып алған болатын. Енді оны кемінде 200 миллиард теңгеге сатады. Сбербанкте ондай ақша бар. Ресейліктер тек санкциялардың барлығынан шығуын күтуде. Сондықтан бүгін бе, ертең бе, Сбер Қазақстан нарығына оралады", - дейді дереккөз.

Bereke арабтар үшін табысты болуда. 2024 жылы банк кемінде 15 миллиард теңге таза кіріс алған. Алайда, Lesha Қазақстандағы банкті ұзақ уақыт ұстауға ниетті емес. Жаһандық инвестициялық саясат шеңберінде пайдасын барынша алу және банкті қымбатқа сату жоспары бар.

Ал Сбер үшін Қазақстанға оралу тек бизнес емес, сонымен қатар геосаясаттың маңызды бөлігі болып тұр. Осылайша, екі тараптың мүдделері бір-бірімен ұштасуда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.