AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / “Реал Мадрид” ФК бапкері ойыннан кейін алыс сапард...

“Реал Мадрид” ФК бапкері ойыннан кейін алыс сапарды сылтау етпейтіндерін айтты

Барлығы 29.09.2025, 17:41 557 Дина
“Реал Мадрид” ФК бапкері ойыннан кейін алыс сапарды сылтау етпейтіндерін айтты
сурет: Сұлу Бөлек

Кеше, 28 қыркүйек "Реал Мадрид" футболшылары Мадридтен Алматыға тікелей рейспен 8 сағат ұшып келген болатын. Ұзақ жолдың әсері мен алдағы ойынға дайындық туралы сұраққа команда бас бапкері Хаби Алонсо жауап берді, деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Ол ойынға дайын екендерін айтты.

"Ұзақ сапар, 7 мың шақырымнан аса жолды еңсеру әрине, оңай емес. Бірақ бұл біз үшін үйреншікті жағдай. Біз үнемі бейімделуіміз керек. Ертеңгі матчқа тыңғылықты дайындалуымыз қажет. Ал алыстан келген жолды шаршадық деп сылтау айта алмаймыз", – деді бапкер.

Хаби Алонсоның айтуынша, бастапқы құрам ойыншыларына демалыс беру қарастырылмаған.

"Қалай болғанда да біз алаңға шығамыз. «Қайратқа» қарсы ойнауға дайындалдық. Олардың Чемпиондар лигасына алғаш шығып тұрғанын білеміз. Қарсыласты қысымға алып, шабуылға жиі шығамыз. Өте қарқынды матч болғалы тұр. «Қайраттың» ұйымдасқан команда екенін білеміз", – деді ол.

Сонымен қатар бапкер қазақстандық клубтың ойындарын мұқият бақылағанын айтты:

"Біз «Селтикке» де, «Спортингке» де қарсы өткен матчтарын көрдік. «Қайраттың» комбинациялық ойыны бар, сонымен бірге тікелей шабуылға шығатын сәттерін де байқадық. Бұл – мықты бәсекелес бола алатын команда екенін көрсетті", – деді Алонсо.

Айта кетейік, 30 қыркүйек күні Алматыдағы Орталық стадионда «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы кездесу өтеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Реал Мадрид
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);