ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдени Алматы / Рақым Тәжібаевтың домбырасы музейден орын алды

Рақым Тәжібаевтың домбырасы музейден орын алды

Мәдени Алматы 29.05.2024, 13:55 1,488
Рақым Тәжібаевтың домбырасы музейден орын алды
almaty-akshamy.kz
Алматы қаласының Музейлер бірлестігіне қарасты Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығына күйші, домбырашы, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Рақым Тәжібаевтың домбырасы салтанатты түрде қабылданды.

Алматы қаласының Музейлер бірлестігіне қарасты Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығына күйші, домбырашы, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Рақым Тәжібаевтың домбырасы салтанатты түрде қабылданды.

Рақым Тәжібайұлы 1946 жылы мамырда дүниеге келген. 1955 жылы Қытай Халық Республикасынан Жетісу облысының Ақсу ауданындағы Сағабүйен ауылына ата-анасымен бірге оралады. Орта мектепті бітірген соң Алматы қаласындағы Республикалық эстрада және цирк колледжіне оқуға қабылданып, профессор Құбыш Мұхитовтың сыныбында дәріс алады. Сонымен қатар тарих сахнасында өз орны бар Рүстембек Омаров, Мағауия Хамзин, Әзидолла Есқалиевтерден тәлім алған. Кейінірек Абай атындағы педагогикалық университетінің музыка пәнінің мұғалімі мамандығын тәмамдаған. Оқу орнында шәкірт бола жүріп күйші «Қазақконцерт» бірлестігімен қатар, «Гүлдер» ансамблінде өнер көрсетеді. Сонымен қатар «Самал», «Серпер» ансамбльдерінде көркемдік жетекші әрі жеке орындаушылық қызметтерін атқарған.


– Рақаңның қолының ізі, сазы қалған осынау киелі аспаптың еліміздің небір дүлдүл әнші, жыршы, күйшілерінің домбыраларының сапынан орын алғанына қуаныштымын.  Соған лайықты деп танып жатқан сіздерге рахмет айтамын. Рақым Тәжібаевтың репертуарында 150-ден астам күйі бар. Сондай-ақ, бірнеше домбыра сыныбын ашып, талантты жастарды тәрбиелеуде айрықша еңбек еткен тұлға. Күй өнеріне өзіндік қолтаңбасын қалдырып, жаңа белеске көтерген ол домбыраны да керемет жасайтын шебер ретінде де танымал болды. Оның қоңыр домбырасы музейге аманат! – деді аспапты Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығының жетекшісі Роза Жүнісқызына табыстаған күйшінің жары, ҚР Мәдениет қайраткері, әнші, термеші Ажаргүл Тәжібаева.

Рухани іс-шарада күйші, домбырашы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шәміл Әбілтай, «Құрмет» орденінің иегері, дәстүрлі әнші Рамазан Стамғазиев сөз сөйлеп, күйшінің өнердегі жолынан сыр шертіп, ұрпаққа қалдырған мұрасының мәңгі жасай беретінін айтты. Кешке Құрманғазының «Аман бол шешем, аман бол!», «Серпер», Тәттімбеттің «Көкейкесті», Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым»  күйі, Әбікен Хасеновтің «Қоңыры», Жәнібек Кәрменовтің «Ойламаңдар, жігіттер» термесі көрік берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.