ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / «Рақмет саған, Әліппе!»

«Рақмет саған, Әліппе!»

Білім және ғылым 19.12.2024, 11:41 1,164
«Рақмет саған, Әліппе!»
almaty-akshamy.kz
Күні кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер алғашқы оқулығы – Әліппемен қоштасуда. Алғашқы ұстазы ұстатқан оқулыққа қимастық сезіледі. Десе де 4 ай көлемінде әріп танып, қалам ұстап...

Күні кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер алғашқы оқулығы – Әліппемен қоштасуда. Алғашқы ұстазы ұстатқан оқулыққа қимастық сезіледі. Десе де 4 ай көлемінде әріп танып, қалам ұстап үйренген балдырғандарға ол енді тек мәңгілік дос болып қалады да, өз орнын «Ана тілі» оқулығына береді. Сөйтіп, бүлдіршіндердің білім еліне бастаған керуені алға қарай жылжи береді.

Алматының Әуезов ауданына қарасты №202 мектеп-гимназиясының 1 «ә» сынып оқушылары күні кеше ғана «Әліппе» оқулығымен қоштасты. Сынып жетекшісі Ардақ Айдарқызының шебер ұйымдастыруымен өткен кешке мектеп басшылығы, мұғалімдер, ата-аналар қатысты. Тәуелсіздік туралы патриоттық әндерімен көрермен қауымды ерекше сезімге бөлеген  31 бала, енді бір мезетте балалық жаққа жетелеп, ән айтып, би биледі. Ұлдар жағы сыныптағы 21 қызға арнап ән айтса, тағы бір топ оқушы кідірместен түрлі тақпақтар айтып, тәнті етті. «Қара жорға», «Бипыл», «Қарлығаш» билерін тамашалаған көрермен балалардың өнеріне жоғары баға берді.

Әсерлі кешті оқушылардың өздері кезектесіп жүргізіп отырды. Сынып жетекшісі Ардақ Айдарқызының сөзіне сүйенсек, мұндай формат балаларға жауапкершілікті, өзіне деген сенімділікті, сахна мәдениетін үйретеді, аудиториямен жұмыс жасауға баулиды.

Кеш соңында сөз алған мектеп директоры Болат Жанайхан балаларға ақ жол тілеп, Алғыс хаттар табыстады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.