ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Қызылшадан қорғайтын бірден-бір әдіс – вакцина

Қызылшадан қорғайтын бірден-бір әдіс – вакцина

Медицина 01.11.2023, 08:26 1,505
Қызылшадан қорғайтын бірден-бір әдіс – вакцина
Сурет: Almaty-akshamy.kz
Қызылша – ауру адамнан сау адамға ауа тамшылары арқылы берілетін өте жұқпалы жіті вирустық ауру.

Қызылша – ауру адамнан сау адамға ауа тамшылары арқылы берілетін өте жұқпалы жіті вирустық ауру.


12-15 айлық және 6 жас аралығындағы балаларға профилактикалық егулердің ұлттық күнтізбесіне сәйкес қызылшаға қарсы жоспарлы егулер жүргізіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы (бұдан әрі – Медициналық орталық) Қазақстан Республикасында қызылшамен сырқаттанушылықтың өсуіне байланысты келесіні хабарлайды.


Иммунитеті жоқ адамдардың қызылшамен сырқаттанған адаммен байланыста болғаннан кейін ауруға шалдығу мүмкіндігі 100%-ға жуық.



Ауру бастапқыда кәдімгі жедел респираторлық вирустық инфекцияға немесе тұмауға ұқсайды. Әдетте, дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, бұлшықет сырқырап ауыруы, тамақ ауруы, мұрынның бітелуінен басталып, жөтел және конъюнктивит тез өршиді. Қызылшаның басқа инфекциялардан айырмашылығы, әдетте аурудың басталуынан үшінші күні науқастарда дақты-папулярлық элементтер деп аталатын диаметрі бірнеше миллиметрлік айқын қызыл түсті дақтар мен бөртпелердің пайда болуы тән. Бастапқыда бөртпе адамның бетінде пайда болады, содан кейін дененің барлық бөліктеріне жайылып төмен түседі. Қызылшаның асқынуларына: соқырлық, энцефалит, менингит, менингоэнцефалит, полиневрит, пневмония, отит және басқа аурулар жатады.



Халықты қызылшадан қорғаудың бірден-бір әдісі – жоспарлы және шұғыл вакциналау. Вакциналанған адамдар іс жүзінде қызылшамен ауырмайды. 12-15 айлық және 6 жас аралығындағы балаларға профилактикалық егулердің ұлттық күнтізбесіне сәйкес қызылшаға қарсы жоспарлы егулер жүргізіледі. Шұғыл профилактика қызылшамен сырқаттанған науқаспен байланыста болғаннан кейін 72 сағаттан кешіктірмей жүргізіледі.


Медициналық орталық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында келесіні ұсынады:


-        адам көп жиналатын орындарға баруды шектеу;


-        үй-жайларды жиі желдету;


-        жіті респираторлық вирустық инфекциялар және бөртпелердің белгілері бар қызметкерлерді жұмыстан шектету;


-        қызметкерлердің денсаулығы нашарлаған жағдайда жұмысқа барудан бас тартып, диагноз қою үшін дәрігерге қаралу.


Егер дәрігер қызылшаға күдіктенсе, дереу шара қолдану үшін басшылыққа хабарлау қажет.


Қызметкер қызылшамен ауырған адаммен байланыста болған жағдайда, науқас оқшауланған кезден бастап 21 күн ішінде ауру  белгілері  бар адамдарды белсенді түрде анықтау және оқшаулау мақсатында медициналық қызметкерлердің күнделікті тексеріп-қарау арқылы медициналық қадағалауы белгіленеді.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.