AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Қызылордада алаяқ әйел ұсталды

Қызылордада алаяқ әйел ұсталды

Заң мен тəртіп 26.11.2023, 07:19 1,378
Қызылордада  алаяқ  әйел ұсталды
Сурет: интернеттен

Күдікті қамауға алынды.


Қызылорда облысында интернет арқылы жалған жарнама жасап, жоқ көліктерді сатқан 27 жастағы азаматша қолға түсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz облыстық  ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қызылорда облысы аумағында «Hi-tech» жедел профилактикалық іс-шарасы өтті. Жоғары технологиялар саласындағы қылмыстарды ашудың алдын алуға бағытталған шара барысында полицейлер алаяқтық жасаған қала тұрғынын ұстады.



«Бұрын да сотты болған 27 жастағы азаматша интернет желісіндегі автокөлік сататын жарнама сайтына жалған хабарландыру жариялаған. Көлікті сатып алуға қызығушылық танытқан тұрғындардан жарнаманы алып тастау үшін алдын ала қаражат жіберуін сұраған. Осылайша оңай олжаны көздеген әйел жоқ көліктерді сатқан. Қазір күдікті азаматшаның басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде», - деп мәлімдеді Қызылорда облыстық полиция департаменті.



Ведомство мәліметінше, аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдікті азаматша қамауға алынған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#алаяқ #интернет #ПД #технология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);