ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Оқиға / Қызылорда облысынан табылған көне домбыра әлем ғал...

Қызылорда облысынан табылған көне домбыра әлем ғалымдарының назарын аудартты

Оқиға 16.01.2022, 11:13 1,681
Қызылорда облысынан табылған көне домбыра әлем ғалымдарының назарын аудартты
Cурет: видеодан алынды
Қосмойынды немесе «Қоссаз» домбыра – әлемдегі ең көне музыкалық аспаптардың бірі

Қосмойынды немесе «Қоссаз» домбыра – әлемдегі ең көне музыкалық аспаптардың бірі


Бұдан жарты ғасыр бұрын Бидайық асар қалашығының орнын қазғанда шыққан «Қоссаз» домбырасы екі жыл бұрын Ресей музейінен табылған еді. Жәдігерді елге белгілі археолог Әзілхан Тәжекеев тапқан болатын. Біздің заманымыздағы төртінші ғасырға тиесілі «Баба домбыра» енді әлем ғалымдарының да назарын аудара бастаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап. 


Қосмойынды немесе «Қоссаз» домбыра – әлемдегі ең көне музыкалық аспаптардың бірі. Түпнұсқасы Ресейдің Шығыс мұражайының қорында сақтаулы тұр. Ал Қызылорда облыстық музейіне оның көшірмесі қойылды. Ғалымдардың айтуынша, өткен ғасырдың 70-жылдары Хорезм экспедициясының олжасына айналған құнды жәдігер біздің заманымыздағы IV ғасырмен мерзімделеді.



«Елімізге белгілі археолог Әзілхан Тәжекеев ол кісі Ресей Федерациясының шығыс музейінде болып, арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізіп, осы домбыраны қолдан өзі қолдап жинаған болатын. Сөйтіп, үлкен жаңалық қылып шығарды. Бұл «Баба домбыра» деген атқа ие үлкен құнды дүние. Бұл дүние Сыр елінде табылғандықтан осы Сыр елінің музейінде Қызылорда облысының айнасы саналатын облыстық музейде тұру керек деп шештік», – дейді облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі Әйгерім Бекқұлиева. 



Кезінде Монғолиядан табылған шекті аспап біздің заманымыздағы VII ғасырға жатқызылып, «Ата домбыра» аталып кетсе, Сыр еліндегі қос мойынды аспаптың тарихы одан 3 ғасырдай ерте екенін ескерген археологтар «Баба домбыра» деуге толық негіз бар, дейді. Және бұл туралы Әзілхан Тәжекеевтың ғылыми жариялымына норвегиялық ғалымдар да қызығушылық білдіріп, өз зерnтеулеріне қосқан. 



«Бұл мақала жоғары рейтінгілі журналда жарияланды. Ізін ала Израильдің, Англияның газеттері бұл жайлы жан-жақты жазып жатыр. Ол мақалалардан байқайтынымыз Сантон Ху обасындағы лираның атасы табылды. Соның түпкі нұсқалары шығып жатыр. Қазақстан территориясынан 4 мың шақырым қашықтықта деген сияқты таңқалыспен қазір БАҚ жазып жатыр. Бұл бір жағынан біздің жерімізде табылған осы жәдігердің Еуропамен байланыс болғанын дәлелдей түсетін тағы бір деректердің бірі деп айтуға болады», – деді тарих ғылымдарының кандидаты, PhD доктор Әзілхан Тәжекеев. 



Көне «Қоссаз» домбыра Англиядағы Саттон-Ху обалы қорымынан табылған лира аспабынан да бірнеше жүздеген жылға көне екені нақтыланған. Мұндай құнды жәдігерлеріміздің қатары алдағы уақытта тіпті көбеюі мүмкін. Өйткені Ресейдің ғылыми орталықтары мен мұражайларында кеңінен зерттеуді қажет ететін 700-ге жуық ағаш бұйымдардың бөлшектері бар. 


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.