AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Қыз алып қашудың жазасы қандай?

Қыз алып қашудың жазасы қандай?

Заң мен тəртіп 28.05.2025, 11:58 1,042 yakiya
Қыз алып қашудың жазасы қандай?
интернеттен

Депутат Мұрат Әбенов пен Марат Башимов қыз алып қашуды Қылмыстық кодекстің 125 бабына бірінші ескертпе ретінде қосуды ұсынып отыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Олардың әріптесі Абзал Құспан бұл ескертпенің қалай пайда болғанын және оның жазасын түсіндірді.

«Бұл «Мәжбүрлі түрде үйлену» бабы деп аталады. Қылмыстық кодекстің 125-бабы «адам ұрлау» деп аталады. Содан бөлек 125-баптың бірінші ескертуі ретінде өз алдына бөлек қылмыстық құрам ретінде еніп отыр», - дейді Абзал Құспан.

Депутаттың мәліметінше, Қазақстан қыз алып қашу бабын 1997 жылы қабылданған Қылмыстық кодексте декриминализациялаған.

«1959 жылы Қазақ КСР Қылмыстық кодексінде бұл бап болған. Ол Кодекс біздің тарихымыздағы ең тұрақты Кодекс болды. 1997 жылға дейін бұл норма күшінде болды. 1997 жылы тәуелсіз Қазақстан өзінің алғашқы Қылмыстық кодексін қабылдаған кезде декриминализация жасап, ол бапты қылмыстық кодекстен алып тастаған болатын. 2015 жылғы Кодекске де енген жоқ. Бірақ бұл жолы енгізудің қажеттілігі туындады. Өйткені, қоғам тарапынан көп өтініш айтылды. Былтыр Құрылтайда мемлекет басшысы да осындай ұсыныс айтқан болатын. Содан кейін депутат Марат Башимов пен Мұрат Әбенов осындай ұсыныс берді», - деді Абзал Құспан.

Егер қыз жігітті жақсы көріп, өз еркімен бірге «қашып» кетсе, онда қылмыстық жаза көзделмейді.

«Бұл баптың өзара таныс-біліс, өзара келісіммен алып қашқанға еш қатысы жоқ. Бұл жерде қызды өз еркінен тыс, күш қолданып, алып қашқанға байланысты мәселе көзделген. Кез келген жағдай арыз түсуі керек. Не қыздың өзі, не қыздың ата-анасы, не туыстары, тіпті жағдайды білетін адамдар арыз жаза алады»,- дейді Құспан.

Ұсынылып отырған баптың бірінші бөлігі бойынша – жеңіл жаза;
Екінші бөлігі бойынша – ауыр жаза (бес жылдан көпке сотталу)
Үшінші бөлігі бойынша – аса ауыр жаза (он жылдан көпке сотталу)

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қыз алып қашу #депутат #кодекс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);