AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қытайдың Пекин және Сиань қалаларында Алматы қалас...

Қытайдың Пекин және Сиань қалаларында Алматы қаласының туризм күндері өтеді

Әлеумет 01.10.2024, 10:21 890 Bakyt
Қытайдың Пекин және Сиань қалаларында Алматы қаласының туризм күндері өтеді
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

2024 жылдың 14 қазанында Қытайдың Сиань қаласында және 16 қазанында Пекинде Алматы қаласының туризм күндері өтеді. Іс-шараның мақсаты – туристік саладағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту және нығайту, сондай-ақ Алматыға туристерді тарту, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Достық кездесулер аясында Қытай Халық Республикасының жетекші шетелдік туроператорларының, халықаралық әуе компанияларының, туристік қауымдастықтар мен қонақүйлердің өкілдерімен келіссөздер жоспарланған. Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы туристік ағынды арттыруға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою көзделуде.

Іс-шара барысында Алматының бірегей туристік өнімдерін таныстыру қарастырылған. Қатысушылар үшін Қазақстандық әртістердің өнер көрсетуімен және қолөнершілердің шеберлік сағаттарымен мәдени бағдарлама ұйымдастырылады. Бұл жарқын және есте қаларлық атмосфера сыйлары анық. Өнерпаздар дәстүрлі қазақ әндері мен билерін орындап, қатысушыларды Қазақстанның бай мәдениетімен таныстырады. Сонымен қатар, келушілер ұлттық тағамдардан дәм татып, Алматының аспаздық дәстүрімен де жақынырақ таныспақ.

Іс-шара соңында Қытай Халық Республикасының ірі туроператорлары арасында Алматыға тур ұтыс ойыны өткізіледі. Жеңімпаздар қалаға келіп, «Медеу» мұз айдыны, «Шымбұлақ» тау шаңғы курорты және мәдени-тарихи мұра нысандары сынды көрікті жерлермен танысуға мүмкіндік алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сиань #Көрме #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);