AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Қытайдағы шахтада газ жарылып, 90 адам қаза тапты

Қытайдағы шахтада газ жарылып, 90 адам қаза тапты

Әлем 23.05.2026, 17:28 194 Дина
Қытайдағы шахтада газ жарылып, 90 адам қаза тапты

Қытайдың солтүстігіндегі Шаньси провинциясында көмір шахтасында газ жарылып, соңғы дерек бойынша 90 адам қаза тапты, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Оқиға 23 мамыр күні Чанчжи қаласына қарасты Циньюань уезіндегі Люшэньюй көмір шахтасында болған. Жарылыс жергілікті уақыт бойынша 19:29-да, Астана уақытымен 16:29-да тіркелген. Сол сәтте шахта ішінде 247 жұмысшы болған.

Бұған дейін 82 адамның қаза тапқаны және тоғыз кеншінің із-түзсіз жоғалғаны хабарланған еді. Қазір оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Құзырлы органдар жарылыстың себептерін анықтауда.

«Синьхуа» агенттігінің мәліметінше, апат орнына Қытайдың ұлттық тау-кен құтқару қызметінің алты бригадасы жіберілген. Жалпы 345 құтқарушы қажетті техникамен іздеу жұмыстарына жұмылдырылды.

ҚХР төрағасы Си Цзиньпин құтқару жұмыстарын күшейтіп, жоғалғандарды іздеуге және зардап шеккендерге көмек көрсетуге барлық қажетті шараны қабылдауды тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);