ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Экономика / Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы наурыз айында Бей...

Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы наурыз айында Бейжіңде салтанатты түрде ашылады

Экономика 27.01.2024, 04:10 1,529
Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы наурыз айында Бейжіңде салтанатты түрде ашылады
Сурет: Gov.kz
«Атамекен» ҰКП алаңында палата Төралқасының төрағасы Райымбек Баталов пен Туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаевтың қатысуымен Қытайдағы Қазақстан туризмі жылына дайындық...

«Атамекен» ҰКП алаңында палата Төралқасының төрағасы Райымбек Баталов пен Туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаевтың қатысуымен Қытайдағы Қазақстан туризмі жылына дайындық барысына арналған кеңес өтті.


Райымбек Баталов мұндай іс-шаралар екі ел арасындағы экономикалық және мәдени байланыстарды нығайтатынын, қытайлық әріптестерімен тікелей B2B байланыс орнатудың маңызды екенін атап өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының тұжырымдамасын таныстырып, екі елдің туризм саласындағы ынтымақтастығын кеңейтуге бағытталған іс-шаралар жоспарын айтты.

Турбизнес өкілдерімен өткен кездесуде қытайлық туристерді қабылдауға дайындық, білікті гидтерді оқыту, халықпен жұмыс істеу, сондай-ақ Қытайдан келген қонақтар үшін арнайы турлар мен іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Айта кетейік, осы аптаның басында Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Қытайда ҚХР Мәдениет және туризм министрі Сунь Елимен кездесіп, Қытайдағы Қазақстан туризмі жылын өткізудің негізгі аспектілерін келіскен болатын.

Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы Kazakhstan Belt & Road Destination ұранымен өтеді. Ашылу салтанаты 2024 жылдың наурыз айының соңында Бейжіңде өтеді деп жоспарланған. Сондай-ақ туризм жылы аясында 35-тен астам іс-шара, соның ішінде b2b іс-шаралар, тақырыптық апталар, шығармашылық ұжымдардың гастрольдері және т.б. өткізу жоспарланған.

Туризм жылы Қытайдағы ең ірі туристік көрмелерге, таныстыру турларына, жарнамалық акцияларға және әлеуметтік желілерге қатысу арқылы белсенді түрде ілгерілейтін болады.

Туризм жылының ресми жабылуы 2024 жылдың желтоқсан айында Алматыда өтеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.