ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлем / Қытай елге келгендерге міндетті карантинді алып та...

Қытай елге келгендерге міндетті карантинді алып тастады

Әлем 08.01.2023, 06:30 961
Қытай елге келгендерге міндетті карантинді алып тастады
сурет:aa.com.tr
Бүгіннен бастап Қытайда шекара аймақтарында кіруге және шығуға рұқсат қағазын жасау басталады.

Бүгіннен бастап Қытайда шекара аймақтарында кіруге және шығуға рұқсат қағазын жасау басталады.


2023 жылдың 8 қаңтарынан бастап Қытайға келгендер COVID-19 бойынша міндетті карантинде жатпайтын болды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Жаңа ережеге сәйкес, ҚХР аумағына кіру үшін келерден 48 сағат бұрын тапсырылған, коронавирустың жоқ екенін дәлелдейтін тест нәтижесін көрсету жеткілікті. Коронавирус анықталмаған жағдайда, олар Қытайға денсаулық жағдайы туралы кедендік декларацияны толтыру кезінде ҚХР-дың шетелдегі дипломатиялық өкілдігінен денсаулық кодын сұратпай кіре алады. Ал ПТР-тест вирустың бар екенін көрсетсе, сапарын жазылғанша шегере тұруды ұсынады.


2022 жылдың желтоқсанының соңында ҚХР Денсаулық сақтау істері мемлекеттік комитеті COVID-19-ды «А» жоғары санатты инфекциялық аурулар тізімінен алып тастағанын хабарлады. Осыған байланысты 8 қаңтардан бастап ковидке қарсы шектеулер мен Қытайға келген әуе рейстері мен жолаушыларға қойылған талаптар, сондай-ақ бір орталыққа карантинге жатқызу мен коронавирустың бар-жоғын анықтайтын ПТР-тест тапсыру алынып тасталады.


Қытай 24, 72 және 144 сағат ішіндегі визасыз транзит шараларын қалпына келтіріп, елге уақытша кіруге рұқсат береді.


Сонымен қатар, Қытай билігі құрлықтағы шекара бекеттері арқылы байланысуды қалпына келтіреді. 8 қаңтардан бастап елдің шекара аймақтарында кіруге және шығуға рұқсат қағазын жасау басталды.


Оған қоса, бүгіннен бастап ҚХР азаматтарынан шетелге турист ретінде сапарлау үшін паспорт алуға өтініш қабылдау қайта жанданды.


Құрлықтық Қытай мен Гонконг арасындағы қарапайым жолаушылар тасымалы да қалпына келтірілді.


Өткен аптада ондаған ел Қытайдан келетін жолаушыларға COVID-19 тестін тапсыруды енгізді, Бейжің бұл әрекетті сынға алды. АҚШ, Франция, Аустралия, Канада, Ұлыбритания, Жапония мен Индия Қытайдан келетін азаматтарға COVID-19-ды анықтайтын тестті және басқа да ережелерді міндеттеді. Марокко ең қатаң шаралардың бірін қолданды – Қытайдан келген саяхатшылардың бәріне елге кіруге тыйым салды.


Бұған дейін Қытайда күн сайын ковид туралы деректерді жариялауды тоқтатқан болатын. Денсаулық туралы мәлімет жинайтын Airfinity британдық компаниясының зерттеуі бойынша, Қытайда COVID-тен қайтыс болғандар саны күніне 9 мың адамға дейін жеткен.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,429 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.