AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Қысқы Паралимпиада қатысушылары Алматыдағы матчтің...

Қысқы Паралимпиада қатысушылары Алматыдағы матчтің құрметті меймандары болды

Алматы 05.04.2026, 21:54 277 Сұлу
Қысқы Паралимпиада қатысушылары Алматыдағы матчтің құрметті меймандары болды
Алматы әкімдігі

Қысқы Паралимпиада қатысушылары Алматыдағы матчтің құрметті меймандары болды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда «Қайрат» пен «Астана» футбол клубтары арасындағы ойын барысында 2026 жылғы қысқы Паралимпиадаға қатысқан спортшылар құрметті қонақ ретінде арнайы шақырылды.

Паралимпиадашылардың келуі матчтың маңызын арттырып, бейімделген спортты дамыту мен ерекше қажеттілігі бар азаматтарды қолдаудың өзектілігін айқындай түсті.

Қонақтар қатарында 2026 жылғы қысқы Паралимпиада ойындарының чемпионы әрі қола жүлдегері Ербол Хамитов та болды. Ол халықаралық деңгейде жоғары нәтижелерге қол жеткізген, еліміздегі паралимпиадалық спорттың белді өкілдерінің бірі. Оның жетістіктері табандылықтың, қайсар рухтың және спортқа деген шынайы адалдықтың айқын дәлелі.

Матч аясында паралимпиадашылар стадионды құрмет шеруімен айналып өтіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Жанкүйерлер оларды зор қошеметпен қарсы алып, ұзақ уақыт қол соғып қолдау білдірді. Бұл көрініс кештің ең әсерлі сәттерінің біріне айналып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады.

Кездесуде «Қайрат» командасы 4:0 есебімен жеңіп, айқын басымдылық танытты.

Паралимпиадашылардың матчқа қатысуы — отандық спортшылардың жетістіктерін дәріптеудің, сондай-ақ қоғамдағы бірлік пен өзара құрметтің айқын белгісі болды.

Іс-шара соңында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында жанкүйерлер мен еріктілердің қатысуымен экологиялық акция ұйымдастырылып, тазалық мәдениетін қалыптастыру мен қоршаған ортаға ұқыпты қараудың маңыздылығы насихатталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);