Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қылмыс жасамайтын ауыл

Қылмыс жасамайтын ауыл

Әлеумет 05.07.2024, 19:03 782
Қылмыс жасамайтын ауыл
polisia.kz

Елімізде бірде-бір қылмыс жасалмаған жер бар екен.

Тіпті, ол жердің тұрғындары ішімдік ішуден бас тартқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Жамбыл облысы Сарысу ауданының Жаңаарық ауылдық округі ең үлгілі ауыл атағына үміткер. Мұнда соңғы 4 жылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Ауылдық округке Ақтоғай және Ұзақбай Сыздықбаев ауылдары кіреді, онда 1700-ге жуық адам тұрады», - делінген Polisia.kz-тің ақпаратында.

Округтегі үш дүкенде алкоголь мен темекі сатылмайды. Жақында төртінші дүкен ашылады, бірақ ол кәсіпкер де ауыл тұрғындарының бастамасын бірден қолдаған. Мұндай шешімді тұрғындар ұрпақты азғырмау үшін ақылдаса отырып қабылдаған.

Нәтиже бірден байқала бастады. Бұл бастама қылмыс пен құқықбұзушылықтардың, сондай-ақ отбасылық жанжалдардың алдын алады. Бірақ бұл жерде учаскелік полиция инспекторының құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша жүйелі жұмысы да маңызды рөл атқарады. Учаскелік инспектор Сағынғали Саламатов 5 жылдан бері Сыздықбаев ауылында тұрады. Ол өз аумағындағы ахуалды толық меңгеру үшін жүйелі шаралар қолданады: рейдтер жүргізіп, полицияда есепте тұрған адамдарды тұрғылықты жері бойынша тексереді, азаматтық қару иелерінің ережелерді сақтауына тексерулер жүргізеді.

Жамбыл облысында осындай үлгілі басқа да ауылдар бар. Бес ауданда 12 ауылдық округ алкогольден бас тартқан. Нәтиже барлық жерде бірдей: олар ең қауіпсіз ауылдар деп танылды. Бұл жұмыста ауыл тұрғындарының даулы мәселелерін шешуге көмектесіп, барлығын бейбітшілік пен келісімге шақыратын ауыл ақсақалдарына үлкен рөл беріледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауыл #Тәртіп #қылмыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.