AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Құстар қайтып барады

Құстар қайтып барады

Әлеумет 17.03.2025, 12:21 846 Ернұр РЫСБАЙ
Құстар қайтып барады
aqshamnews.kz

Тұманбай Молдағалиевтің 90 жылдығына арналған әдеби-сазды кеш

 

Әдеби-сазды кешке ұстаздаАлматыда қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, сыршыл да шынайы жырларымен ел есінде қалған ақиық ақын Тұманбай Молдағалиевтің 90 жылдық мерейтойына орай 169 мектеп-лицейінде әдеби-сазды кеш өтті. «Құстар қайтып барады» деп аталған бұл шара ақынның рухани мұрасын насихаттауға, өскелең ұрпақтың поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыруға арналды.р, оқушылар, жас әдебиетсүйер қауым, сондай-ақ, мәдениет қайраткерлері қатысты. Шараның шымылдығы ақынға арналған жүрекжарды лебіздермен ашылып, Тұманбай Молдағалиевтің өмір жолы мен шығармашылығына тоқталды. Оқушылар ақынның «Біздің ту», «Кінә қойма, жақсы дос», «Ана» сынды мәнерлі өлеңдерін оқып, көрерменнің ықыласына бөленді. Сонымен қатар, поэзия мен саз үндескен кеште «Құстар қайтып барады», «Жан ана» сияқты әндер орындалып, қазақ биі «Ақбұлақ» көрерменге ерекше әсер сыйлады.

Шара барысында сөз алған директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Галимова Гулназ ақын мұрасының жас ұрпақ үшін маңыздылығына тоқталды:

«Тұманбай Молдағалиевтің жырлары – шынайылықтың, тазалықтың, туған жер мен адамзатқа деген сүйіспеншіліктің жарқын үлгісі. Бүгінгі әдеби кеш – ақын рухына тағзым ғана емес, жас ұрпақтың поэзияға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған маңызды қадам. Ақын шығармашылығы ешқашан өзектілігін жоғалтпайды, ол қазақ әдебиетінің асыл қазынасы болып қала бермек», – деді ол.

Тұманбай Молдағалиевтің лирикасы – мөлдір сезімнің, адал махаббат пен туған жерге деген шексіз сүйіспеншіліктің көрінісі. Әдеби кеш соңында қатысушылар ақынның мұрасы мәңгі жасайтынын, оның өлеңдері қазақ руханиятының баға жетпес құндылығы болып қала беретінін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тұманбай Молдағалиев #ақын #Әдеби кеш
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);