ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Керек кеңес / Құрбандыққа қандай мал шалыну керек?

Құрбандыққа қандай мал шалыну керек?

Керек кеңес 03.07.2022, 08:30 1,985
Құрбандыққа қандай мал шалыну керек?
Сурет: Islam.kz
Құрбан айт – мұсылмандардың жыл сайын атап өтетін қасиетті діни мерекесі. Үш күнге созылады. Хижра – мұсылман күнтізбесі бойынша Зүлхижа айының оныншы жұлдызында (Арафа күнінен кейін) және Ораза...

Құрбан айт – мұсылмандардың жыл сайын атап өтетін қасиетті діни мерекесі. Үш күнге созылады. Хижра – мұсылман күнтізбесі бойынша Зүлхижа айының оныншы жұлдызында (Арафа күнінен кейін) және Ораза айт мейрамынан 70 күн өткеннен соң басталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


Құрбан айт кезінде мұсылмандардың шамасы келгені қажыға барады. Айттың үш күнінде жасалатын ғибадат кезінде олар Сауд-Арабия еліндегі Мекке, Медине қалаларын аралап, пайғамбарымыз Мұхаммедтің жүрген жерлерін көреді және ізгі істерімен танысады. Құрбандық шалады.


Құрбандыққа қандай мал шалынады?


Құрбандық үшін малдың үш түрін: түйе, сиыр, қой не болмаса ешкіні союға болады. Құсты союға болмайды, ал жылқы малы Имам Ағзам жолы бойынша соғыс көлігі саналатындықтан, құрбандыққа жатпайды. Құрбандыққа қой мен ешкінің бір жасқа толғаны, түйенің бес, сиыр мен өгіздің екі жасқа толғаны сойылады. Бұлардың дене мүшелері түгел әрі сау болуы шарт.


Құрбанды не үшін шалады?


Құрбандық – мұсылман танымы бойынша Құдайдың разылығы үшін берілетін садақа, діни амал. Мұсылман ғалымдары құрбан шалуды уәжіп етілген амал санайды. Яғни, жағдайы бар адамдар шалса болады. Ол үшін ең алдымен ниеттенеді. Сосын жарамды саналған малды құрбандыққа шалады. Бұл – Ибраһим пайғамбардан келе жатқан рәсім.


Меккенің жанында Ибраhим өзінің ұлын құрбандыққа шалмақ болады. Бірақ Құран Кәрімде ұлының аты аталмайды, аңыздарда Исмаил делінеді. Алла Ибраhимнің ниетіне риза болып, ұлының орнына құрбандыққа шалуға көктен тоқты түсіреді. Содан бері Алла жолына құрбандыққа қой шалу дәстүрі жалғасып келеді. Құранда баяндалатын бұл оқиғалар (14-сүре, 41-аят; 37-сүре, 41-аят) Тауратта да кездеседі (Быт: 1-12, 22:2-12).


Құрбан шалудың мәні


Пітір – жан садақасы. Зекет – мал садақасы. Құрбандық – әр пенденің бүкіл адамзат әлемі алдында өтейтін парызын көрсететін, діни наным бойынша Құдай алдында өз миссиясын ақтауға дайын екендігін білдіретін садақа.


Құрбандықтың етін кімге берген дұрыс?


Жан саны көп немесе қиыншылығы бар отбасылар құрбандық етін толықтай өздеріне қалдырады. Ал сиыр не түйе сойғандар мұқтаж жандарға таратып береді. Онда тек үш бөлекке бөліп тарату деген шек жоқ. Ең маңыздысы, мұқтаждардың не ниеті түзу адамдардың пайдасына жарап, қарнын тойдырса жетіп жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.