Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / ҚТЖ желісі бойынша жаңа егіннің астығын тасымалдау...

ҚТЖ желісі бойынша жаңа егіннің астығын тасымалдау 43%-ке өсті

Әлеумет 12.11.2024, 15:44 1,124
ҚТЖ желісі бойынша жаңа егіннің астығын тасымалдау 43%-ке өсті
Cурет: Rail-news.kz

"ҚТЖ" ҰК" АҚ-да астық, ұнтақ өнімдері сияқты әлеуметтік маңызы бар жүктерді тасымалдау мәселелері ерекше бақылауда, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Rail-news.kz-тің хабарлауынша, астық пен ұнтақ өнімдерін тасымалдауды күн сайын ҚТЖ жедел астық штабы үйлестіреді. Мүдделі мемлекеттік органдармен және жүк жөнелтушілермен бірлесіп тұрақты кеңестер өткізіледі. Ақмола және Қостанай жүк тасымалдау бөлімшелерінде вагондарды уақтылы қабылдау және ресімдеу үшін жедел астық топтарының тәулік бойғы жұмысы ұйымдастырылған.  

 Астық жүктерін үздіксіз тасымалдауды ұйымдастыру бойынша ұйымдастырушылық және технологиялық шаралар қабылдануда. Жаңа егіннің астығын тиімді және жеделдетіп жөнелту үшін ҚТЖ маршруттық пойыздарды қалыптастырады және жөнелтеді. Жүк жөнелтушілер біркелкі тиеуді және вагон айналымын сақтауды қамтамасыз еткен кезде жаңа егін қолда бар астық тасығыштармен, жабық вагондар паркімен-ақ әкетілетін болады. Еуропалық бағытта экспортты қамтамасыз ету үшін ҚТЖ Ресей Федерациясынан астық тасымалдаушылардың қосымша паркін тартады.

Қыркүйек-қазан айларында және қарашаның 10 күнінде ҚТЖ желісі бойынша жаңа егіннің астығын тасымалдау 43%-ке өсіп, 2,5 млн тоннадан асты.

Ел ішінде астық жөнелтілімдері 20% -ке, 534 мың тоннаға дейін өсті. Экспорт 50% -ке, 2 млн тоннаға дейін артты. Жаңа егіннің астығын дәстүрлі Орталық Азия нарықтарына жөнелту 37% -ке артып, 1,2 млн тоннадан асты. Ақтау порты арқылы Иран бағытында ҚТЖ желісі бойынша астық тасымалдау 30 есеге өсті. Ауғанстанға астық экспорты 64% - ға өсті.  

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ҚТЖ желісі #жаңа егін #астық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.