ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / ҚСЗИ зерттеуі: Қазақстандықтардың 86%-ы Президентк...

ҚСЗИ зерттеуі: Қазақстандықтардың 86%-ы Президентке сенім білдіреді

Әлеумет 10.11.2025, 14:40 286
ҚСЗИ зерттеуі: Қазақстандықтардың 86%-ы Президентке сенім білдіреді
Сурет: Akorda.kz
Қазақстан Республикасы Президентіне халық сенімінің жоғары деңгейі тұрақты түрде сақталып отыр

Қазақстан Республикасы Президентіне халық сенімінің жоғары деңгейі тұрақты түрде сақталып отыр

2025 жылдың қазан айында ҚСЗИ тапсырысы бойынша жүргізілген қоғамдық пікірді зерттеу нәтижелеріне сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентіне халық сенімі жоғары деңгейде сақталып отыр. Ол 86%-ды құрады, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Бұл көрсеткіш соңғы бірнеше жылда тұрақты түрде сақталып келеді және ол қоғам тарапынан елді жаңғырту мен жаңарту бағытын қолдау үрдісінің тұрақтылығын көрсетеді. Сенімнің ең жоғары деңгейі жастар арасында тіркеліп отыр (90,1%). Респонденттер неғұрлым жас болған сайын, олардың Президентке сенімінде жаңашылдықтан, өзгерістерден үміті жоғары. Ал аға буын жасы ұлғайған сайын, керісінше, бұл өзгерістердің олардың қалыптасқан өмір салтын бұзбағанын қалайды. Осы көңіл-күйлердің тоғысуы бүгінде азаматтардың басым бөлігін біріктіріп отырған тұрақты жаңару бағытына сүйеніш болып отыр. Халықтың Президентке сенім деңгейі білім деңгейінің жоғарылауымен қатар өсуде.

 Білім деңгейі жоғарылаған сайын адамдар реформалардың бағыт пен логикасы бар екенін, олардың кездейсоқ емес, жүйелі әрі саналы түрде жүзеге асып жатқанын көбірек сезінеді. Президентке деген сенімнің жоғары деңгейі тек қана қала тұрғындары арасында ғана емес (85%), ауыл тұрғындары арасында да сақталып отыр (87,6%).

Ауыл тұрғындары дәстүрлі түрде мемлекетпен іс жүзінде, яғни инфрақұрылым, бағдарламалар мен төлемдер арқылы тығыз байланысты. Ал қала тұрғындарының сенімі рационалды сипатта болып, өзгерістерді жүйе ретінде қабылдауымен көбірек байланысты. Сондай-ақ, Президентке ерлер де, әйелдер де тең дәрежеде сенім білдіреді. Тұрақтылық пен ертеңгі күнге қатысты сенімде тек ерлерге тән, не тек әйелдерге тән көзқарас жоқ, керісінше «мемлекеттің бағыты берік сақталуы тиіс» деген ортақ түсінік бар. Осылайша, қоғамдағы сенімнің әлеуметтік портреті ел ішіндегі келісім мен тұтастықты айқындайды. Әр әлеуметтік топ сенімнің себептерін өзінше түсіндірсе де, барлығының ортақ тілегі бір – Қазақстанның тұрақты, сабақтастығы сақталған әрі әділетті дамуы. 

Әлеуметтанулық сауалнама ҚСЗИ тапсырысымен 2025 жылғы 3 қазан мен 5 қараша аралығында жүргізілді. Іріктеме көлемі 8000 респондентті құрайды. Сауалнамаға 17 облыс пен 3 республикалық маңызы бар қала – Астана, Алматы және Шымкент қалаларының 18 жастан асқан респонденттері қатысты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.