AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / ҚР Президенті Ақтау айлағында «контейнерлік хаб» а...

ҚР Президенті Ақтау айлағында «контейнерлік хаб» ашуды ұсынды

Саясат 07.08.2021, 16:36 2,314 Almaty-akshamy
ҚР Президенті Ақтау айлағында «контейнерлік хаб» ашуды ұсынды
сурет: Inform.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанда өткен Орталық Азия елдері басшыларының Консультативтік кездесуіне қатысты.


Қазақстан Президенті Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған, өркендеген өңірге айналдыруға бағытталған экономика, сауда, мәдениет салалары бойынша бірқатар бастама көтерді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды. «Мемлекет басшысы аймақтың көлік дәліздеріне интеграцияланған тауар өткізудің бірыңғай желісін және Ақтау айлағының базасында «контейнерлік хаб» ашуды ұсынды. Президент өз сөзінде Орталық Азиядағы көлік коммуникацияларын дамыту елдеріміздегі ішкі жалпы өнімді 15 пайызға арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті», делінген хабарламада.


Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтың негізгі мәселелерінің бірі ретінде – су ресурстарымен қамтамасыз ету деп есептейді. Оның айтуынша, мәселелерді суды тең дәрежеде пайдалану, тараптардың мүдделерін ескеру, өзара міндеттерді іске асыру қағидатына сүйене отырып шешу қажет.


«Су – Орталық Азия елдерінің арасына сына қағатын емес, керісінше, біріктіретін ресурс болуы керек», –деді Мемлекет басшысы.



Қазақстан Президенті жұмыс сапары аясында Түрікменстан басшысы Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесті. Тараптар екіжақты стратегиялық ынтымақтастықтағы кең ауқымды мәселелерді талқылады. Сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетудің перспективаларын айқындады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Түрікменстан #президент
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);