AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / ҚР АШМ COP29-да халықаралық ынтымақтастықты нығайт...

ҚР АШМ COP29-да халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда

Әлеумет 19.11.2024, 16:23 835 dulatbekova
ҚР АШМ COP29-да халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда
Сурет: Ауыл шаруашылығы министрлігі

2024 жылғы 19 қарашада БҰҰ-ның Бакудегі климаттың өзгеруі жөніндегі 29-шы конференциясы (COP29) шеңберінде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі климатқа тұрақты Ауыл шаруашылығын ілгерілетуге және азық-түлік жүйелерін климаттық сын-тегеуріндерге бейімдеуге өзінің міндеттемесін растады, деп хабарлайды aqshamnews.kz сала министрлігіне сілтеме жасап. 

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы жоғары деңгейдегі бірқатар іс-шараларға қатысып, онда негізгі бастамаларды көтеріп, елдің тұрақты ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерін таныстырды.

Министрлік азық-түлік секторын трансформациялау үшін климаттық қаржыландыруды тартуға бағытталған Fast (Food and agriculture for Sustainable Transformation) серіктестігінің ресми қатысушысы болды.

Сонымен қатар, министрлік Бакудегі «Гармония» бастамасына қолдау білдірді, бұл фермерлердің, соның ішінде әйелдер мен жастардың мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді.

COP29 алаңында АШМ түркі мемлекеттері ұйымының климатқа төзімді ауылдары форумын құру туралы меморандумға қол қойды. Бұл форум тәжірибе алмасу, заманауи агротехнологияларды енгізу және климаттың өзгеруінің салдарын азайту бойынша бірлескен стратегияларды әзірлеу үшін платформа болады.

Вице-министр FAST, «Гармония» және климатқа төзімді ауылдар форумы сияқты бастамалар, ең алдымен, халықаралық қаржыландыруды тарту арқылы климаттық тұрақтылық пен азық-түлік қауіпсіздігін нығайтудың маңызды құралы болып табылатынын атап өтті.

АШМ агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамытуға және ауылдық аумақтардың климаттық тұрақтылығын нығайтуға бағытталған ұлттық және халықаралық бағдарламаларды іске асыру бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#АШМ #СОР29 #халықаралық ынтымақтастық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);