AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Қостанай облысында өрт көбейді: бір оқиға өліммен...

Қостанай облысында өрт көбейді: бір оқиға өліммен аяқталды

Оқиға 24.02.2026, 10:51 419
Қостанай облысында өрт көбейді: бір оқиға өліммен аяқталды
фото: ашық дереккөз

Қостанай облысында екі күннің ішінде екі өрт оқиғасы тіркелді. Соның бірінде ер адамның мәйіті табылған, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі Alau.kz басылымына сілтеме жасап.

21 ақпанда Федоров ауданына қарасты Жаркөл ауылындағы колледж ғимаратынан түтін шыққаны туралы хабар түскен. Өрт екі қабатты зертханалық корпустың бірінші қабатындағы қосалқы бөлмеде болған.

Тексеру кезінде құтқарушылар 1968 жылы туған ер адамды ес-түссіз күйде тауып, сыртқа шығарып, медицина қызметкерлеріне тапсырған. Алайда оны аман алып қалу мүмкін болмаған. Өлімнің нақты себебі сот-медициналық сараптама арқылы анықталады. Өрттің шығу себептері нақтыланып, өрт-техникалық сараптама тағайындалды.

Одан бір күн бұрын Ұзынкөл ауданының Крутоярка ауылында жеке тұрғын үй толықтай жанып кеткен. Оқиға орнына алғаш болып көршілес Пресногорьковка ауылынан ерікті құтқарушылар жеткенімен, сол сәтте үйді от түгел шарпыған.

Куәгерлердің айтуынша, қардан тазартылмаған жол салдарынан үйге жету қиын болған. Олар көшенің қыс бойы тазаланбағанын, бұл өрт сөндіру техникасының дер кезінде келуіне кедергі келтіргенін айтады.

Бұл оқиғада адам шығыны жоқ, бірақ төрт адамнан тұратын отбасы баспанасыз қалды. Өрт толық сөндіріліп, себептері анықталып жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қостанай облысы #өрт #оқиға
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11

Сәрсенбі күнгі ауа райы мәліметі

Бүгін 09:05

Президент тапсырмасына сәйкес автожол саласын реформалау жөніндегі үкіметтік жұмыс тобы құрылды

Бүгін 08:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);