конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Шешім / Қорғаныс министрі жауынгерлердің Армия халықаралық...

Қорғаныс министрі жауынгерлердің Армия халықаралық ойындарына дайындығын тексерді

Шешім 21.06.2021, 08:23 2,067
Қорғаныс министрі жауынгерлердің Армия халықаралық ойындарына дайындығын тексерді
Сурет: Gov.kz

Қорғаныс министрі жауынгерлердің Армия халықаралық ойындарына дайындығын тексерді


 


Генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев «Астана» өңірлік қолбасшылығының оқу-жаттығу орталығына барып, «АрХО-2021» қатысушы командалардың дайындығымен танысты, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz.ҚР Қорғаныс министрлігінің сайтына сілтеме жасап.


Қарағанды маңындағы оқу-жаттығу полигонында жауынгерлер «Әлем жауынгері» мен «Тактикалық мерген» атты Армия халықаралық ойындарының байқауларына дайындалуда.


Ойын тарихында «Тактикалық мерген» байқауы алғаш рет Рязань қаласында өтеді. Төрт кезеңнен тұратын ойын барысында қатысушылар жеке және топ құрамында шеберліктерін көрсетеді. Сонымен бірге дуэль жаттығуларын орындап және уақытқа атудан жарысады.


Ел жауынгерлері үздік нәтижелер көрсетеріне сенімді. Армия тактикалық атыстары Қазақстанның Қарулы Күштерінде 2019 жылдан бастап белсенді түрде дамып келеді. Атыстың бұл түрі 2020 жылдан бастап бөлімшелердің бағдарламасына енгізілді. Оның элементтері «Алтын жебе» арнайы операциялар күштерінің оқу-жаттығуы мен жыл сайынғы кешенді тексеру кезінде әрдайым пысықталып келеді.


Арменияда «Әлем жауынгері» байқауы өтеді. Аталмыш байқау бірнеше кезеңнен тұрады. Кезеңдер барысында қатысушы ерлер мен әйелдердің кәсіби және зияткерлік деңгейі, сондай-ақ шығармашылық қабілеттері тексеріледі. Біздің жауынгерлер бұл конкурста әрқашан жүлделі орындар иеленеді. Ал 2018 жылы жеңімпаз атанған болатын.


Қорғаныс министрі полигонда конкурс жаттығуларының іс жүзінде орындалуын бақылап, «АрХО-2021» дайындық барысы жөнінде командалар басшыларын тыңдады. Сондай-ақ қару-жарақтың кейбір түрлерін қарап, сынақтан өткізді.


Армия халықаралық ойындары 22 тамыз және 4 қыркүйек аралығында 12 елдің аумағында өтеді. Ел әскері бұл жолы он бір конкурсқа қатысады.


 





Телеграм арнаға жазылыңыз
#блогер #метрополитен #метрополитен Алматы #полиция #Қазақстан #әскер #дайындық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03

Президент Лихтенштейннің Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:27

Мемлекет басшысы Конго Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:16

Тоқаев Үндістан Премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бүгін 11:13

Үкіметте білім беру және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды

Бүгін 10:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);