ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлем / Қолтырауынның "құрығынан" құтылған құрылысшы

Қолтырауынның "құрығынан" құтылған құрылысшы

Әлем 10.11.2023, 14:17 1,908
Қолтырауынның "құрығынан" құтылған құрылысшы
Сурет: pixabay.com/Pexels
Ер адам қолтырауынның шабуылына тойтарыс берді

Ер адам қолтырауынның шабуылына тойтарыс берді


Аустралиялық фермер Колин Деверо үшметрлік теңіз қолтырауынының шабуылынан аман қалды, - деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz ABC News басылымына сілтеме жасап.


Оқиға өткен айда орын алған. Колин Аустралиядағы Финнисс өзенінің маңында құрылыс жүргізбек болып, қоршау жасауға дайындалып жатқан. Ол батпақта (болото) балықтың жүзгенін көріп, тоқтаған.



"Екі қадам жасай бергенім сол еді, қолтырауын оң аяғымнан бас салды. Оның тістері сіресіп қалғаны соншалық, мені жұлқылай бастады, сосын суға қарай тартты", - дейді Деверо.



60 жастағы ер адам бос сол қолымен ұрып көрген, тіпті жыртқышты тістеп көрген.



"Мен ыңғайсыз позицияда тұрып қалдым, алайда жолым болып, оның қабағынан тістедім. Ол қалың болсада, тістеп тұрып тартып қалып ем, жыртқыш мені жібере салды. Лезде жағаға шығып, көлігіме жүгірдім. Артымнан қуа бастады, бір кезде тоқтап қалды", - дейді ер адам.



Фермер орамал мен жіпті қолданып, қан ағуды тоқтатқан. Сосын оның бауыры ең жақын жердегі (оқиға болған жерден 130 шақырым) ауруханаға жеткізген. Қазір ол ем алып жатыр екен.


Басты мәселе жарадан қауіпті бактерияларды жою болған екен.



"Аяғымның талқаны шықты, тіпті 10 күннен аса оны тазалап, жуып отырды", - дейді аустралиялық.



Осы айда оған теріні ауыстырып орналастыру отасы жасалған. Ер адам аяғындағы саусақтарын сезетінін айтады, дәрігерлер оны осы аптада ауруханадан шығады деп болжайды.



"Барлығы сегіз секундта болды. Егер қолтырауын менің басқа жерімнен тістегенде, жағдай басқаша болар еді. Бұл менің өмірімді өзгерту керек деген белгі. Мен сол батпақты аймақта көп жүрдім, қоршауларды жөндедім, өмірімді сүре бердім. Бірақ мына жағдай менік көзімді ашты", - дейді ол.



Девероның айтуынша, өзіне шабуыл жасаған қолтырауынның көзі жойылған екен.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,279 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.