AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байла...

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Әлеумет Бүгін 17:34 53 yakiya
Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Сондықтан жаңа Конституцияда неке, отбасы, ана, әке және бала мәселесіне ерекше мән беріліп, оларды мемлекеттік қорғаудың нақты құқықтық тетіктері айқындалған.

Жаңа Конституцияда неке мен отбасы, ана, әке және бала мемлекеттің қорғауында болатыны нақты бекітілді. Мұндай қорғау әлеуметтік жәрдемақылар, ана мен баланы қолдау бағдарламалары, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы кепілдіктер арқылы іске асады.

Осылайша мемлекет отбасының әл-ауқатын арттыруды тек әлеуметтік міндет емес, ұлттық қауіпсіздік пен демографиялық саясаттың маңызды бөлігі ретінде қарастырады.

Жаңа Конституцияда неке еркек пен әйелдің заңға сәйкес тіркелген ерікті әрі тең құқықты одағы ретінде анықталады.

Некені осындай құқықтық деңгейде бекіту қоғамдағы дәстүрлі отбасы моделін сақтауға, сондай-ақ отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғауға мүмкіндік береді.

Жаңа Конституция ата-аналардың балаға қамқорлық жасау және оны тәрбиелеу құқығын ғана емес, міндетін де нақтылайды. Бұл қағида арқылы баланың жан-жақты дамуына жағдай жасау, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтарын қорғау назарға алынады.

Бүгінгі таңда цифрлық орта, әлеуметтік өзгерістер және жаһандану жағдайында балаларды дұрыс тәрбиелеу ерекше маңызға ие. Сондықтан ата-ананың жауапкершілігін конституциялық деңгейде бекіту арқылы, болашақ ұрпақтың сапасын арттыруға бағыт аламыз.

Жаңа Конституцияда кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалардың еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасау міндеті де қарастырылған. Отбасы ішіндегі өзара көмек пен сыйластық дәстүрін құқықтық тұрғыдан бекіту арқылы ұрпақтар арасындағы рухани байланысты сақтауға, қоғамдағы адамгершілік құндылықтарды нығайтуға көңіл бөлініп отыр.

Жаңа Конституциядағы отбасыға қатысты нормалар қоғамның әлеуметтік тұрақтылығы мен ұлттық құндылықтарды сақтауға бағытталған жүйелі саясаттың көрінісі деп баға беруге болады. Отбасының мемлекет қорғауында болуы, некенің құқықтық негізде бекітілуі, ата-ана мен бала арасындағы өзара жауапкершіліктің айқындалуы – барлығы да берік қоғам қалыптастырудың маңызды шарттары.

Бұл өзгерістер отбасы институтының беделін арттырып қана қоймай, болашақ ұрпақтың тәрбиесіне, әлеуметтік үйлесімге және қоғамдық бірлікке оң ықпал етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#отбасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);