AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / ҚМДБ: Рамазанда жаппай ақшалай көмек көрсетіледі д...

ҚМДБ: Рамазанда жаппай ақшалай көмек көрсетіледі деген ақпарат жалған

Мұны білген жөн 27.01.2026, 09:12 372 Дина
ҚМДБ: Рамазанда жаппай ақшалай көмек көрсетіледі деген ақпарат жалған
Сурет: ашық дереккөз

Рамазан айында мұқтаж азаматтарға жаппай ақшалай көмек көрсетіледі деген әлеуметтік желілерде тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев мұндай хабарламаларға сенбеуге шақырды. Оның айтуынша, ҚМДБ атынан жүзеге асатын барлық қайырымдылық шаралары тек ресми сайттар мен ресми парақшаларда ғана жарияланады.

Қор басшысы желіде тарап жатқан онлайн тіркеу арқылы көмек беру туралы мәліметтердің негізсіз екенін атап өтті. Себебі қор тарапынан мұндай тәжірибе ешқашан қолданылмаған.

«Мұқтаж азаматтар көмек алу үшін қор өкілдеріне тікелей келіп, жазбаша өтініш береді. Өтінішке әлеуметтік жағдайын растайтын құжаттар қоса тапсырылады. Барлық өтініш комиссияда қаралып, шешім қабылданған соң ғана көмек көрсетіледі. Рамазан айында сайт арқылы тіркелу деген бізде жоқ», – деді Мақсатбек Қайырғалиев.

Сондай-ақ ҚМДБ Рамазан айында халыққа негізінен рухани және әлеуметтік қолдау көрсетуге басымдық береді. Атап айтқанда, ауызашар ұйымдастыру, балаларға рамазан тәттілерін тарату, мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеттерін үлестіру дәстүрлі түрде жүзеге асады. Ал ақшалай көмек барлық өңірде бірдей көрсетіле бермейді және жаппай сипатқа ие емес.

Қор директоры кейбір аймақтарда демеушілер табылған жағдайда, олар нақты мұқтаж отбасылармен байланыстырылатынын айтты. Дегенмен ҚМДБ тарапынан кең көлемде ақшалай көмек көрсету үшін өтініш қабылдау немесе онлайн тіркеу жүргізілмейді.

Осыған байланысты ҚМДБ өкілдері азаматтарды жалған ақпаратқа алданбай, тек ресми дереккөздерге сенуге және күмәнді хабарламалардан сақ болуға шақырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#рамазан #Рамазан айы #ораза
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);