ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мұны білген жөн / ҚМДБ коллагенге қатысты үкім шығарды

ҚМДБ коллагенге қатысты үкім шығарды

Мұны білген жөн 18.11.2025, 16:27 368
ҚМДБ коллагенге қатысты үкім шығарды
depositphotos.com
ҚМДБ коллаген қосылған косметикалық өнімдерге қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

ҚМДБ коллаген қосылған косметикалық өнімдерге қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.  

Коллаген (грек. kolla – желім және ген) – дәнекер ұлпаларын біріктіретін ақуыздың бір түрі. Қазір коллаген косметикалық өнімдер құрамына, тағам қоспаларына қолданылады. Коллаген жануарлардың сүйектерінен, терілерінен, сіңірлерінен, балықтың қабыршағынан, құстың шеміршектері мен сүйектерінен алынады. Сол үшін оның шариғаттағы үкімі қандай нәрседен алынғанына байланысты әрқалай болады.

ҚМДБ мәліметінше, шошқадан алынған коллаген нәжіс, харам саналады. Шариғатта шошқаның етін, майын жеуге, терісін қолдануға тыйым салынған.

Ал балықтан алынған коллагенді қолдануға рұқсат. Себебі балық адал әрі бауыздауды қажет етпейді. Сиыр, қой секілді еті желінетін әрі шариғатқа сай сойылған жануарлар мен құстардан алынған коллаген. Бұны қолдануға болады.

"Ал еті желінбейтін жануардан немесе еті желінетін, бірақ шариғат жолымен бауыздалмаған малдан және құстан алынған коллагенді қолдануға болмайды. Тек химиялық құрылымы өзгеріп, басқа нәрсеге айналып кетсе немесе түбімен жойылып, болмысынан айырылса қолдануға болады. Ал өзінің құрамын түбегейлі өзгертпесе, онда оны қолдануға рұқсат жоқ", - делінген үкімде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,254 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.