ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Қ.К. Тоқаев Жоғары Сот кеңесінің төрағасы Денис Ши...

Қ.К. Тоқаев Жоғары Сот кеңесінің төрағасы Денис Шиппті қабылдады

Заң мен тəртіп 09.03.2022, 13:10 1,506
Қ.К. Тоқаев Жоғары Сот кеңесінің төрағасы Денис Шиппті қабылдады
Сурет: Аkorda.kz
Мемлекет басшысы Жоғары Сот кеңесінің төрағасы Денис Шиппті қабылдады

Мемлекет басшысы Жоғары Сот кеңесінің төрағасы Денис Шиппті қабылдады




Президентке Жоғары Сот кеңесінің былтырғы атқарған жұмыстарының қорытындылары, соның ішінде судьялардың іріктелуін жетілдіру шаралары, соттардың кадрлық резервін қалыптастыру барысы және судьяларға қатысты тәртіптік тәжірибенің жағдайы туралы мәлімет берілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Akorda.kz-ке сілтеме жасап


Денис Шипптің айтуынша, кеңестің қызметі заманауи HR тәсілдерін кеңінен қолдануға және заңгерлер қоғамдастығы өкілдерін белсенді түрде тартуға мән бере отырып, ашықтық пен шынайылық қағидаттары бойынша жұмыс істеуге негізделген.


Судьяларды іріктеу кезінде олардың кәсіби және жеке қасиеттеріне шынайы баға беріліп, қоғамдық пікір жан-жақты зерттеледі.


Бұл ретте соңғы жылдары былтыр алғаш рет сот жүйесінің қатарын толықтырған судьялардың саны, жұмыстан кеткендерден басым болғаны байқалды. Осылайша сот корпусына бірінші рет 103 адам тағайындалып, 90 судьяның өкілеттігі тоқтатылды. 


Қасым-Жомарт Тоқаевқа сот кадрларын барынша жаңартуды және сот жүйесіне тәжірибелі мамандарды тартуды қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстардың перспективті бағыттары баяндалды. Судьяларды іріктеу мәселелері бойынша заңға енгізілген қосымшаларды іске асыру аясында биыл салалық мамандар үшін облыстық соттардағы судья лауазымына арнайы конкурс өткізу жоспарланып отыр.


Кеңес жұмысының ашықтығын одан әрі арттыру мақсатымен заңгерлер қоғамдастығы өкілдерінің қатысуын кеңейту жұмыстары жүргізілуде.



Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.