AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / "ҚХР–Еуропа" бағыты: жүк ұрлығынан 212 млн теңге ш...

"ҚХР–Еуропа" бағыты: жүк ұрлығынан 212 млн теңге шығын келтірген топтың жолы кесілді

Заң мен тəртіп 26.01.2026, 11:27 371 dulatbekova
"ҚХР–Еуропа" бағыты: жүк ұрлығынан 212 млн теңге шығын келтірген топтың жолы кесілді
Сурет: Polisia.kz

Көліктегі полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен жүргізген ауқымды әрі жүйелі жұмысының нәтижесінде теміржол құрамдарының контейнерлерінен жүк ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді, - деп хабарлайды aqshamnews.kz.

 2025 жылғы сәуір айында көлік полицейлері Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындарынан құралған алты адамнан тұратын қылмыстық топты ұстады. Тергеу барысында олардың 2024 жылғы тамыздан 2025 жылғы сәуірге дейін "ҚХР-Еуропа" халықаралық бағытымен қатынаған пойыздардың контейнерлерінен жүктерді жүйелі түрде ұрлап келгендері анықталды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында аталған топтың төрт ұрлық дерегіне қатысы бар екені дәлелденді.

Ұрланған заттардың ішінде бейнебақылау камералары, балалар арбалары және көлік бөлшектері болған. Жүк иелеріне келтірілген жалпы шығын 212 миллион теңгеден асты. Қылмыстық топтың барлық мүшелерінің кінәсі толық дәлелденіп, келтірілген материалдық залал толық көлемде өтелді. Сот шешімімен олардың әрқайсысына 4 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. 

Көліктегі полиция қызметкерлері жүк тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және халықаралық көлік логистикасы қатысушыларының мүдделерін қорғау бағытындағы жұмысты жалғастырады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#ҚХР-Еуропа бағыты #жүк ұрлығы #шығын
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);