AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / «QazVac» вакцинасы туралы айтылды

«QazVac» вакцинасы туралы айтылды

Білім және ғылым 14.08.2021, 12:04 2,070 Almaty-akshamy
«QazVac» вакцинасы туралы айтылды
сурет: Tengrinews.kz

The Lancet журналында «QazVac» вакцинасы туралы мақала жарияланды. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов желіде жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


«EClinicalMedicine published by The Lancet журналы отандық «QazVac» вакцинасын клиникалық зерттеудің 1-2 фазасының нәтижелері туралы мақаланы қабылдап, электрондық нұсқасын басып шығарды. Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының ғалымдарын мақаланың жариялануымен құттықтаймын!» - деді министр Асхат Аймағамбетов. 


Еске салсақ, 2020 жылдың наурыз айында елімізде коронавирус індетіне байланысты қатаң карантиндік шаралар қабылданды.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары алдына вирусқа қарсы вакцинаны шұғыл әзірлеу тапсырмасын жүктеді. Бүгінде отандық ғалымдарымыз қысқа ғана уақыттың ішінде дайындаған қазақстандық «QazVac» вакцинасы адамдарға егіліп жатқаны белгілі. 



QazVac вакцинасы - ҚР Білім және ғылым министрлігінің Биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу институты әзірлеген COVID-19-ға қарсы белсенділігі жойылған вакцина. Инактивтендірілген вакцина дәстүрлі және тиімді болып саналады, оны дайындау технологиясы күрделі емес әрі вакциналардың басқа түрлеріне қарағанда қауіпсіз. Сондықтан қазақстандық ғалымдар инактивтендірілген вакцина жасау туралы шешім қабылдады.



Жақында Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Зәкария QazVac вакцинасының тиімділігі туралы пікір білдірді. Маман QazVac вакцинасына жасалған сынақтың III фазасы екпенің тиімділігін көрсеткенін айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#вакцина #QazVak #COVID-19
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);