конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / ҚазҰУ конституциялық өзгерістерді талқылау алаңына...

ҚазҰУ конституциялық өзгерістерді талқылау алаңына айналды

Барлығы 24.02.2026, 17:20 419
ҚазҰУ конституциялық өзгерістерді талқылау алаңына айналды
Алматы әкімдігі

Еліміздегі ең ірі жоғары оқу орнының қабырғасында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары университеттің студенттері мен оқытушыларымен кездесті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Кездесудің басты тақырыбы жаңа Конституция жобасын түсіндіру болды.

Кездесуге қатысушылар мемлекеттік институттардың тиімділігі мен жаңа саяси мәдениетті қалыптастыру мәселелерін талқылап, жастардың ел тағдырына саналы түрде қатысуының маңыздылығын атап өтті.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дархан Қыдырәлі өз сөзінде жаһандық бәсекелестік жағдайында елдің жедел дамуы қажеттігіне ерекше назар аударды.

"Тек инерциямен өсіп келген кезең артта қалды. Бүгінде қысқа уақытқа болса да артта қалу елеулі шығындарға алып келуі мүмкін", – деп атап өтті сенатор.

Ол сондай-ақ ғылым, білім және технологиялық даму басымдықтары Конституция жобасында көрініс тапқанын айтты.

"Егер жүйе ақаусыз жұмыс істеп, әділетті қоғамның тетіктері тиімді әрекет етсе, әрбір адам өз болашағын туған жерімен байланыстырады", – деп қосты депутат.

ҚазҰУ профессоры, заң ғылымдарының докторы Еркін Дүйсенов ұсынылып отырған түзетулердің ауқымы іс жүзінде жаңа Негізгі заңды қабылдауды білдіретінін атап өтті.

"Бүгінде жаңа Конституция жобасына 84 % өзгеріс енгізілді. Бұл енді жаңа Конституция туралы сөз болып отырғанын білдіреді", – деді ол.

Оның айтуынша, құжат сарапшылардың үлкен тобының бірлескен еңбегінің нәтижесі болып табылады.

"Бұл жоба – ғалымдардың, практик-заңгерлердің, экономистердің, әлеуметтанушылардың, лингвистердің және депутаттардың ортақ еңбегі. Жастар білуі тиіс: Конституцияның бір ғана авторы бар – ол Қазақстан халқы. Сондықтан референдумға қатысу арқылы сіздер де елдің Негізгі заңының тең авторына айналасыздар", – деді Еркін Дүйсенов студенттерді дауыс беруге белсенді қатысуға шақырып.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес 15 наурызда Қазақстанда жаңа Конституцияны қабылдау жөнінде республикалық референдум өткізу жоспарланған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Лихтенштейннің Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:27

Мемлекет басшысы Конго Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:16

Тоқаев Үндістан Премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бүгін 11:13

Үкіметте білім беру және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды

Бүгін 10:43

Қазақстанда бір палаталы Құрылтай жұмыс істей бастайды

Бүгін 09:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);