AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / «ҚазТрансГаз» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Шәріпбае...

«ҚазТрансГаз» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Шәріпбаев Мемлекет басшысының қабылдауында болды

Билік 09.09.2021, 13:20 1,231
«ҚазТрансГаз» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Шәріпбаев Мемлекет басшысының қабылдауында болды
Сурет: Akorda.kz

Еліміздің газ саласын дамыту


Мемлекет басшысына «ҚазТрансГаз» компаниялар тобының биылғы сегіз айдағы өндірістік және қаржылық көрсеткіштері туралы баяндалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап. 


Қайрат Шәріпбаев Президентке өткен жылмен салыстырғанда магистральді тасымалдау көрсеткіші 14 пайызға өсіп, 65,4 миллиард текше метрге жеткенін мәлімдеді. Ұлттық оператордың табысы 8 айда 6 пайызға артып, 1,342 триллион теңге болды. Таза пайданың көлемі 55 пайызға өсіп, 304 миллиард теңгені құрады.


Мемлекет басшысына биыл отандық газ тұтынушыларды 158,8 миллиард теңгеге субсидиялау шаралары, сондай-ақ бюджетке 128,4 миллиард теңге көлемінде салық және басқа да төлемдер түскені жөнінде айтылды.  


Қайрат Шәріпбаевтың мәліметі бойынша, компанияның таза табысы отандық газ тасымалдау жүйесін қалыпты жағдайда ұстауға және борыштық жүктемесін азайтуға бағытталады. «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобы сегіз ай ішінде 995 миллион  доллар көлеміндегі кредиттік қарызын өтеген.


Мемлекет басшысына газ тасымалдау саласының инфрақұрылымын жаңғырту және дамыту жобаларын жүзеге асыру, атап айтқанда, Маңғыстау облысының газ тасымалдау инфрақұрылымын реконструкциялау, «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистральді газ құбырының екінші желісін салу, Қашағандағы газ өңдеу зауыттарының құрылысы, сондай-ақ «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамын цифрландыруға бағытталған іс-шаралар туралы баяндалды.


Президент елімізді одан әрі газбен қамтуға қатысты ұсынылған жобалар мен іс-шараларды қолдайтынын айтты.


Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қайрат Шәріпбаевқа еліміздің газ саласын дамытуға бағытталған бірқатар міндет жүктеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қабылдау #газ саласы #құбыр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);