ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / "Қазселденқорғаудың" экс-басшысы Көкірекбаев 12 жы...

"Қазселденқорғаудың" экс-басшысы Көкірекбаев 12 жылға бас бостандығынан айырылды

Әлеумет 03.07.2025, 15:36 676
"Қазселденқорғаудың" экс-басшысы Көкірекбаев 12 жылға бас бостандығынан айырылды
president.kg
Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты "Қазселденқорғау" мекемесінің бұрынғы басшысы Карим Көкрекбаевқа қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты "Қазселденқорғау" мекемесінің бұрынғы басшысы Карим Көкрекбаевқа қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Сот мәліметінше, Көкрекбаев пен оның бұрынғы орынбасары аса ірі көлемде пара алғаны үшін айыпталған. Ал үшінші адам – ЖШС директоры аса ірі көлемде пара бергені және ұрлау мақсатынсыз мүліктік залал келтіргені үшін жауапқа тартылған.

"Сотта К. мен А. қызмет бабында жүрген кезде алдын ала сөз байласып, ЖШС директоры П.-дан орындалған жұмыстар актілерін кедергісіз қол қою үшін аса ірі көлемде пара алғаны анықталды. Сондай-ақ П. іс жүзінде орындалмаған құрылыс-монтаж жұмыстарының актілеріне қол қоюды ұйымдастырған", – делінген сот хабарламасында.

Салдарынан мемлекетке 1 987 827 622,63 теңге көлемінде залал келтірілген.

Алқабилердің үкімімен Көкрекбаев пен оның бұрынғы орынбасары кінәлі деп танылды.

"Сот үкімімен К. 12 жылға бас бостандығынан айырылды, ал А. мен П.-ға 11 жыл жаза тағайындалды. Барлығы өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылды", – деп қосты сот өкілдері.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, Жамбыл облысының экс-әкімі және сол кездегі "Қазселезащита" басшысы Карим Көкрекбаевтың ұсталғаны 2022 жылғы 27 желтоқсанда белгілі болды. Ол кезде Антикор Көкрекбаевтың пара алып жатқан сәтінде ұсталғанын хабарлаған. 2023 жылғы мамырда тергеу органдары бұл істе фигуранттар кәсіпкерлерден орындалған жұмыстар актілерін қол қою мен жалпы қамқорлық үшін жалпы сомасы 396 миллион теңге пара алғанын растаған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,279 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.