ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазіргі коммуналдық тарифтер әлі де субсидияланады...

Қазіргі коммуналдық тарифтер әлі де субсидияланады – Ерболат Досаев

Әлеумет 03.04.2025, 10:02 666
Қазіргі коммуналдық тарифтер әлі де субсидияланады – Ерболат Досаев
Сурет Алматы қаласы әкімдігі
Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесуде әкімдік әлеуметтік осал азаматтарға тарифтің өсуін өтейтінін, бұл мақсатқа қаражат қалалық бюджеттен бөлінгенін мәлімдеді, деп...

Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесуде әкімдік әлеуметтік осал азаматтарға тарифтің өсуін өтейтінін, бұл мақсатқа қаражат қалалық бюджеттен бөлінгенін мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

«Қолдауға мұқтаж тұрғындарға арналған арнайы бағдарлама қалада екі жылдан астам уақыт бұрын іске қосылған. Әлеуметтік осал санаттағы азаматтар аудандық басқармаларға жүгініп, қажетті көмек ала алады. Бұл мақсатқа қаражат бюджетте қарастырылған», – деді Ерболат Досаев.

Қала басшысы қазіргі коммуналдық тарифтер әлі де айтарлықтай субсидияланатынын атап өтті. Әкімдікке суды тұтыну бойынша сараланған төлемге қатысты көптеген сұрақ келіп түседі.

«Өкінішке қарай, қалада су есептегіш құрылғылары жоқ тұрғындардың үлесі жоғары. Сондықтан біз сараланған төлем жүйесін енгіздік: есептегіші барлар бір тарифпен төлейді, ал есептегіші жоқтар көтерілген норма бойынша есептеседі. Бұл арқылы біз тұрғындарды есептегіш орнатуға ынталандырғымыз келді», – деді әкім.

Сонымен қатар, қала басшысы Алматы жылу желілерімен бірлесіп, көпқабатты үйлердегі жылу есептеу тораптарын жаңғырту бағдарламасы басталғанын айтты.

Айта кетейік, Алматы әкімдігі әлеуметтік осал азаматтарға тарифтердің өсуін өтейді. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, қолданыстағы төлем жүйесі коммуналдық қызмет тарифтерінің көтерілуін толықтай өтейді.

Тарифтердің өзгеруін Алматы бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаменті бекіткен. 

2023 жылдың шілде айынан бастап іске асырылып жатқан «Инвестиция орнына тариф» бағдарламасы аясында өтемақы алгоритмі енгізілді, ол әлеуметтік осал азаматтардың тоғыз санатын қамтиды. Олардың қатарына ардагерлер, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, көпбалалы отбасылар, зейнеткерлер және қолдауға мұқтаж басқа да санаттар кіреді. 2024 жылдың қаңтарындағы мәліметке сәйкес, өтемақы алушылар саны – 141,7 мың адам, көрсетілген көмек көлемі – 5,4 млрд теңге.

Қала үшін әлеуметтік осал санаттағы тұрғындарды қолдау басымдық болып қала береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,313 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.