конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / «Қазақтелеком» – «Kazakhstan Open» халықаралық та...

«Қазақтелеком» – «Kazakhstan Open» халықаралық таэквондо рейтингтік турнирінің бас техникалық серіктесі атанды

Спорт 01.07.2026, 16:07 152
«Қазақтелеком»  – «Kazakhstan Open» халықаралық таэквондо рейтингтік турнирінің бас техникалық серіктесі атанды

Астанада әлемнің 30-ға жуық елінен келген 1000-нан астам спортшының басын қосқан «Kazakhstan Open» халықаралық рейтингтік таэквондо турнирі өтті. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған жарысқа халықаралық спорт қауымдастығы мен Дүниежүзілік таэквондо федерациясы (World Taekwondo) оң баға берді.

Турнирдің маңызды қорытындыларының бірі – Қазақстанның 2027 жылы WT таэквондо бойынша әлем чемпионатын өткізу құқығына ие болуы. Бұл – отандық спорт үшін де, еліміздің халықаралық беделі үшін де маңызды жетістік.

«Қазақтелеком» АҚ турнирдің бас техникалық серіктесі ретінде жарыс алаңын сенімді әрі жоғары жылдамдықты ІТ-инфрақұрылыммен қамтамасыз етті. Компания ұсынған интернет желісінің арқасында онлайн-трансляциялар, төрешілердің техникалық жабдықтары, баспасөз орталығы және жарыстың барлық техникалық қызметтері үздіксіз жұмыс істеді.

Турнир барысында «Қазақтелеком» АҚ техникалық бөлімшесінің мамандары нысанда тәулік бойы кезекшілік атқарып, байланыс арналарының тұрақты жұмысын қадағалап, жедел техникалық қолдау көрсетті.

Жарыс аяқталғаннан кейін Қазақстан таэквондо федерациясы (WT) «Қазақтелеком» АҚ-ға турнирдің табысты өтуіне көрсеткен қолдауы мен елеулі үлесі үшін ресми алғыс білдірді. Федерация компания ұсынған сапалы ІТ-инфрақұрылым жарыстың жоғары деңгейде өтуіне сеп болғанын атап өтті.

«Осындай ауқымды турнирдің техникалық серіктесі болу – біз үшін үлкен мәртебе. “Kazakhstan Open” – бұл беделді халықаралық жарыс қана емес, сонымен қатар Қазақстанның жоғары технологиялық әлеуетін көрсетуге берілген мүмкіндік. Біз ұсынған инфрақұрылым барлық жүйенің мінсіз жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, турнирдің табысты өтуіне ат салысқанымызға қуаныштымыз. Ал жарыс қорытындысы бойынша Қазақстанның 2027 жылғы таэквондодан әлем чемпионатын өткізу құқығына ие болуы – еліміздің әлемдік деңгейдегі ірі жарыстарды қабылдауға толық дайын екенін көрсетеді», – деді «Қазақтелеком» АҚ Корпоративтік бизнес дивизионының техникалық директоры Рүстем Әбеуов.

«Қазақтелеком» АҚ Қазақстанда өтетін ірі халықаралық спорттық іс-шараларды сенімді әрі заманауи телекоммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ете отырып, оларға алдағы уақытта да қолдау көрсете бермек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қазақтелеком #спорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Лихтенштейннің Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:27

Мемлекет басшысы Конго Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:16

Тоқаев Үндістан Премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бүгін 11:13

Үкіметте білім беру және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды

Бүгін 10:43

Қазақстанда бір палаталы Құрылтай жұмыс істей бастайды

Бүгін 09:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);