ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Экономика / Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі Лондондық Сити...

Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі Лондондық Ситидің құрметті азаматы атағына ие болды

Экономика 28.04.2022, 15:49 1,221
Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі Лондондық Ситидің құрметті азаматы атағына ие болды
Сурет: Khabar.kz
Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі Ерлан Ыдырысов - «Еркін адам» атағына ие болған алғашқы отандасымыз.

Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі Ерлан Ыдырысов - «Еркін адам» атағына ие болған алғашқы отандасымыз.


Freeman, яғни «Еркін адам» атағы Біріккен Корольдік пен басқа елдер арасындағы іскерлік қатынастарды жақсартуға үлес қосқан британиялықтар мен шетелдіктерге беріледі. Кезінде мұндай қошеметке патшалар мен Премьер-Министрлер және басқа да аты аңызға айналған тұлғалар ие болған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Khabar.kz-ке сілтеме жасап. 


Лондондық Ситидің құрметті азаматы – «Фримен» атағын салтанатты түрде табыстау рәсімі 1232 жылдан бері Чемберлен сарайында  өткізіліп келеді. Дәл осы жерде Патшайым Елизавета Екінші, Премьер-Министрлер Уинстон Черчиль, Маргарет Тэтчер және басқа да көрнекті тұлғалар тарихи құжатқа ие болған.


Орта ғасырларда бұл атақтың иесі Лондон көпірінің үстімен қойларын еркін өткізу құқығына иемденген. Баж салығынан босатылған Фримен Смитфилд базарына барып, малын саудалай алған.


Қазір әлбетте бұл атақтың тек символикалық құндылығы бар. Бірақ Біріккен Корольдік пен басқа елдер арасындағы іскерлік қатынастарды нығайтуға зор үлес қосқан британиялықтар мен шетелдіктерге ғана беріледі. Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі Ерлан Ыдырысов – осындай құрметке ие болған алғашқы отандасымыз. Оған «Бостандық көшірмесі» атты пергамент құжаты табысталды. Марапаттың авторы – XVIII ғасырдың ортасында Лондондық Ситидің лорд-мэрі болған Джон Барнард. Ішінде «Еркін адам - Фрименнің» өмір сүру салтын суреттейтін нұсқаулық бар.



«Құрметті азамат атағы – Лондондық Ситидің ең жоғарғы марапаты. Салтанатты рәсімнің Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығы қарсаңында өтіп жатқанын атап өткен жөн. Осы уақыт аралығында екі ел түрлі салалар бойынша мықты стратегиялық әріптестік орната білді», - дейді Британ-қазақ қоғамының операциялық директоры Джеффри Темпл.



Бұл атақ – Біріккен Корольдіктің Қазақстанмен әріптестігін тереңдетуге мүдделі екендігінің айғағы. Сонымен қатар мемлекетіміздің әлемдік қаржы орталығы – Лондондық Ситимен әріптестік байланысы нығая түскендігінің дәлелі. Қазақстан әлі де британиялық инвесторлар мен бизнеске қолайлы жағдай жасап, отандық компанияларымыздың Ситидегі жұмыс ауқымын кеңейтуге ықпал ете бермек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.