AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Қазақстанның мұнай қоры неше жылға жетеді?

Қазақстанның мұнай қоры неше жылға жетеді?

Экономика 11.04.2023, 15:16 1,343
Қазақстанның мұнай қоры неше жылға жетеді?
Сурет: Egemen.kz

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев БАҚ өкілдеріне елдегі мұнай қоры туралы мәлімет берді.


Министр, алдын ала болжамдар бойынша, мұнай қоры 100 жылға анық жететінін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 





«Алдын ала болжамдар бойынша, мұнай 100 жылға анық жетеді. Бірақ бізде перспективалы блоктар бар. Үкімет Мемлекет басшысының қолдауымен жаңа модельдегі келісімшарт дайындады. Ол бойынша жаңа мұнай кеніштеріне барлау жасағандарға салмақты жеңілдіктер ұсынылады. Көптеген компаниялар ол жеңілдікті пайдаланды да. Жеке айтсақ, «Лукойл» сондай келісімшартқа қол қойды», - деді Алмасадам Сәтқалиев Үкімет кулуарында.



Министр Әзірбайжан тарапы да Қазақстан аумағында мұнай қорын барлауға ниетті екенін айтты.



«Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевтің сапары кезінде Баку делегациясы Қазақстанға инвестиция салуға ниет білдірді. Олар көмірсутек көздерін барлау, игеру туралы жаңа мәселелерді көтерді. Қазір энергияға деген сұраныстың артып келе жатқанын ескерсек, ресурс базасын толықтыруға қаражат жұмсауды жалғастыруымыз керек», - деді Сәтқалиев.



Айта кетейік, 12 сәуірден бастап АИ-92 және АИ-93 бензинінің бағасы литріне 182-187 теңгеден 205 теңгеге дейін шамамен 11%-ға көтеріледі. Ал дизель отынының бағасы 20 пайызға - 295 теңгеге дейін қымбаттайды. Егер бұрын мұнай өндіруші Қазақстанда бензин бағасының қымбаттауы ескі мұнай өңдеу зауыттары мен олардың қуаттылығының төмендігімен байланысты деп айтылса, қазір барлық зауыттарды жаңғырту аяқталған соң, Үкіметтің пікірінше, қымбатшылыққа "сұр экспорт" себеп болып отыр. 


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #мұнай #қор
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);