ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдениет / «Қазақстанның көшпенділері: өткені мен бүгіні» атт...

«Қазақстанның көшпенділері: өткені мен бүгіні» атты Алматы қаласының көрмесін Мажарстанда 12 000-нан астам адам тамашалады

Мәдениет 10.12.2024, 10:40 570
«Қазақстанның көшпенділері: өткені мен бүгіні» атты Алматы қаласының көрмесін Мажарстанда 12 000-нан астам адам тамашалады
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
«Карчаг Кинче» өнер музейінде (Мажарстан) «Қазақстанның көшпенділері: өткені мен бүгіні» атты көрме аяқталды.

«Карчаг Кинче» өнер музейінде (Мажарстан) «Қазақстанның көшпенділері: өткені мен бүгіні» атты көрме аяқталды.

Экспозицияға қазақ халқының бай тарихи және мәдени мұрасын танытатын 200-ден астам бірегей экспонат қойылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

 Көрмеге келушілерге ұрпақтар сабақтастығының символына айналған Абай Құнанбайұлының домбырасы ұсынылды. Жалпы, көрмені 12 мыңнан астам адам тамашалады.

«Жоба үлкен қызығушылық тудырды, бұл Қазақстан мен Мажарстан арасындағы мәдени алмасудың маңыздылығын көрсетеді. Бұған дейін осындай көрмелер Түркия, Оңтүстік Корея, Аустрия, Италия және Чехияда өткен. Енді 12 желтоқсанда Сербияда «Ұлы Даланың мәдени мұрасы» атты көрме ашылады. Жалпы қала әкімі мәдениет саласы өкілдерін дамытуға ықпал ететін тағылымдамаға, білім алуға бағытталған және халықаралық байланысты нығайтуға мүмкіндік жасайтын жобаларға ерекше көңіл бөледі және сала қызметкерлеріне үлкен қолдау көрсетуде. Мәселен, музей қызметкерлері әлемнің үздік мәдени орталықтарында, соның ішінде әйгілі Луврда білім алып қайтты», – деді Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев. 

Айта кетейік, көрмені Алматы қаласының музейлер бірлестігі Алматы қаласы әкімдігі мен Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.