конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Құрылтай / Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асылы Осман...

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асылы Осман алғышқылардың бірі болып дауыс берді

Құрылтай Бүгін 07:26 36
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асылы Осман алғышқылардың бірі болып дауыс берді
Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Елдің бірлігі мен тұрақтылығы осындай саяси маңызды оқиға кезінде айқындалатынын атап өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстандық ғалым, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің және «Тіл жанашыры» құрмет белгісінің иегері Асылы Осман Құрылтай сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады.

Асылы Осман №64 сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып келіп, дауыс берді. Ел өміріндегі маңызды саяси науқанға белсенді қатысқан ардақты ұстаз, тіл жанашыры өз азаматтық ұстанымын білдіріп, сайлаудың маңыздылығына тоқталды.

«Бүгінгі жиынның жөні бөлек. Бұл – үлкен той. Өйткені «Құрылтай» деп бірінші аталып келгеніне өзім ерекше баға беремін. Мен мұндай кезде үйде жатып қалмай, келіп, елімізді асқақтатуға өз үлесімді қосуымыз керек деп есептеймін. Сондықтан ең алдымен дауыс беріп, өз үнімді қосуға келдім. Қазақстанның топырағын басып, суын ішіп жүрген жанның барлығы сайлауға қатысып, өз таңдауын жасағаны дұрыс. Бұл Құрылтайдың жөні бөлек. Құрылтай – сонау ата-бабаларымыздан келе жатқан, маңызды мәселелерді шешу үшін елдің белгілі тұлғаларының басын қосатын, мемлекеттің қандай дәрежеде болуы керектігіне қатысты мәселелерді талқылайтын басқосу. Сондықтан бүгінгі Мемлекет басшысының «Құрылтай» деп атағанына ерекше ризашылығымды білдіремін. Өйткені Құрылтай – ата-бабаларымыздан келе жатқан үлкен дәстүр. Осы бастама сәтті болсын! Әр азаматты бүгінгі саяси маңызды оқиғаға өз үлесін қосып, өз даусын беруге шақырамын», – деді Асылы Осман.

Асылы апамыз елдің бірлігі мен тұрақтылығы осындай саяси маңызды оқиға кезінде айқындалатынын атап өтті. Сондай-ақ ол жастардың ел болашағына бейжай қарамай, қоғамдық жұмыстарға белсенді араласуы маңызды екенін айтты.

«Мен әрбір сайлау сайын елімді, халқымды, жерімді сүйгендіктен, халқымды сыйлағандықтан, ел алдына бірінші болып келіп, өз үнімді қосуға тырысамын. Мұндай оқиға күнде болып жатқан жоқ. Осындай маңызды кезеңдерде біздің бірлігіміз де, достығымыз да, отансүйгіштігіміз бен өзара түсіністігіміз де арта түседі», – деді қоғам қайраткері.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Месси мен Роналду дауыс беруге келді: Алматыдағы №294 учаскеде футболдық сергіту өтті

Бүгін 08:35

Алматылық зейнеткерлер таңғы жаттығудан соң дауыс беруге келді

Бүгін 08:27

Құрылтай үшін дауыс: Алматыдағы сайлау учаскесіндегі ерекше сәйкестік

Бүгін 08:21

Алматыда Қазақстанның халық артисі Мұрат Серкебаев алғашқылардың бірі болып дауыс берді

Бүгін 08:18

Алматыдағы ТЖД қызметкерлері Құрылтай сайлауына қатысты

Бүгін 08:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);