ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанның Еңбек Ері Аягүл Миразова: Халықтың т...

Қазақстанның Еңбек Ері Аягүл Миразова: Халықтың тазалыққа деген мәдениетін арттыруымыз керек

Әлеумет 26.06.2021, 10:35 1,854
Қазақстанның Еңбек Ері  Аягүл Миразова: Халықтың тазалыққа деген мәдениетін арттыруымыз керек
Сурет: Aikyn.kz
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев 25 маусым күні Орталық коммуникациялар қызметі алаңында баспасөз мәслихатына қатысып, БАҚ өкілдерінің сан түрлі сұрақтарына жауап беріп, қаламыздың дамуы...

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев 25 маусым күні Орталық коммуникациялар қызметі алаңында баспасөз мәслихатына қатысып, БАҚ өкілдерінің сан түрлі сұрақтарына жауап беріп, қаламыздың дамуы мен экономика, экология, бизнес, оқу-білім, медицина саласындағы өзекті мәселелер мен атқарылған істерге тоқталды, болашақ жоспарлармен бөлісті.


Мегаполис басшысының атқарылған істер жөніндегі сөзін тыңдаған қала тұрғындары бүгін өз ойларын ортаға салды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


«Қала басшысы Б.Сағынтаев Нұр-Сұлтандағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында мегаполистің болашақтағы даму жоспарымен бөлісті. Оның ішінде көптеген мәселелер айтылды. Эпидемиологиялық жағдай, шағын және орта бизнесті дамыту, индустрия, туризм, экология, әлеуметтік қолдау да назардан тыс қалған жоқ. Осының ішінде білім саласын арттыруға қатысты айтқан пікірлері ерекше ұнады. Қазір қалада балаларға арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешендері салынып жатыр.



Алматы жыл сайын көркейіп келеді. Қай мектептің жақсы екенін ата-ананың сол мектепке балаларын беруге тырысатынынан-ақ білуге болады. Ешқандай мектеп әкімшілігі «біздің білім ордасына келіңіз» деп шақырмайды. Сол секілді Алматының кереметтігі соншалық, барша халық мегаполистің айналасында тұрғысы келеді. Шаһарда халық жыл сайын көбейіп жатыр. Қанша жағдай жасағанмен, әрине аудандар қосылған сайын, халық саны артқан сайын жұмыс аяқталмайды. Қала әрі қарай дами береді. Қазірдің өзінде халыққа барынша жақсы жағдай жасалуда.



Сондықтан жұртшылық та жасалған дүниенің құнын білуі керек. Қаланың дамуына өздерінің үлесін қосуы тиіс. Экологиялық жағынан, шаһарды таза ұстауға жанашырлықпен қарап, істелінген тірліктерге ықтияттықпен, соның иесі ретінде өздері де қолынан келген көмектерін аямауы қажет. Кейбіреулер шет ел тап-таза, керемет деп жатады. Оны сол елдің Үкіметі емес, халықтың тазалыққа деген көзқарасы түзу болғандығынан жақсарып жатыр. Сондықтан біз де халықтың тазалыққа деген мәдениетін арттыруымыз керек»,- дейді ардагер-ұстаз Аягүл Миразова.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.