Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанның 16 өңірінде бала құқығы жөніндегі омб...

Қазақстанның 16 өңірінде бала құқығы жөніндегі омбудсмендер тағайындалды

Әлеумет 19.09.2022, 10:14 1,566
Қазақстанның 16 өңірінде бала құқығы жөніндегі омбудсмендер тағайындалды
Сурет: Businessman.ru

Олар қоғамдық негізде жұмыс істейді.


Қазақстанның 16 өңірінде Бала құқықтары жөніндегі уәкілдер тағайындалды. Олардың қатарында үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің жетекшілері, балалар құқығын қорғауда тәжірибесі бар азаматтар бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Енді баланың құқықтары мен мүдделері бұзылған жағдайда ата-аналар, балалар және басқа да кез келген азаматтар өз аймағындағы уәкілдің көмегіне жүгіне алады.


Кандидаттар облыс пен республикалық маңызы бар қала әкімдерінің шешімімен тағайындалады.


Бала құқықтары жөніндегі уәкіл баланың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы туралы өтініштерді, жергілікті атқарушы органдардың және өзге де ұйымдардың әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне қатысты шағымдарды қарайды.


Олар сондай-ақ балаларды қорғау саласындағы мәселелерді шешуге арналған заң жобаларын ілгерілетуге қатысады.


Сонымен қатар бала құқықтары жөніндегі омбудсмендер балаларға арналған ұйымдарға кедергісіз кіре алады. Сондай-ақ олар қоғамдық негізде жұмыс істейді.



«Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Маңғыстау, Түркістан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан, Жетісу, Жамбыл, Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Абай, Алматы облыстарында балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдер тағайындалды. Ал қалған 4 облыста кандидаттар тізімі әлі қаралып жатыр. Біз комитет өкілдері ретінде балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдермен белсенді жұмыс істейміз» , - деді Оқу-ағарту министрлігі бала құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Элина Паули.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#бала #құқық #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Халықаралық журналистика бойынша қысқы мектеп өтіп жатыр

Бүгін 11:42

Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

Бүгін 11:18

Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты

Бүгін 11:14

Алматыда жастарға арналған "Заң және тәртіп: қоғам талаптары" кездесуі ұйымдастырылды

Бүгін 10:50

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.