ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанға келетін өзбекстандықтардың уақытша тір...

Қазақстанға келетін өзбекстандықтардың уақытша тіркеусіз тұру мерзімі ұзаруы мүмкін

Әлеумет 29.11.2022, 08:46 1,141
Қазақстанға келетін өзбекстандықтардың уақытша тіркеусіз тұру мерзімі ұзаруы мүмкін
Сурет: Kazaknews.kz
Жалпы 30 тәулік етіп бекіту ұсынылып отыр.

Жалпы 30 тәулік етіп бекіту ұсынылып отыр. 


Қазақстанға келетін Өзбекстан азаматтарының елімізде уақытша тіркеусіз тұру мерзімі ұзартылмақ. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі ашық талқыға шығарған келісім құжатында жазылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Екі елдің ұлттық паспорт иелері болып табылатын азаматтары екінші мемлекеттің аумағына 30 тәулікке дейін уақытша тіркеусіз келеді және оның аумағында бола алады. Дегенмен азаматтар уәкілетті органдарға өзінің келгені туралы хабарлама беруі тиіс. Болу уақытын 30 тәуліктен асатын мерзімге ұзартуды тараптар мемлекеттерінің заңдарына сәйкес ішкі істер органдары мемлекеттен шықпай алты ай мерзімге жүзеге асырады», - деп көрсетілген келісім құжатында.



Айта кетсек, қолданыстағы талап бойынша Өзбекстан азаматтары Қазақстанға 5 тәулікке уақытша тіркеусіз келе алады. Енді оның мерзімін 25 күнге ұзартып, жалпы 30 тәулік етіп бекіту ұсынылып отыр.


Сонымен қоса, жаңа өзгерістердің бірі – бұған дейін екі елдің шекара қызметтері беріп келген көші-қон бақылау карточкалары алынып тасталады.


Келісімге сәйкес, Өзбекстан азаматтарынан Қазақстан аумағына келерде сұралатын құжаттар:


- Өзбекстан Республикасының биометрикалық дипломаттық паспорты;


- Өзбекстан Республикасы азаматының биометрикалық паспорты (шетелге шығу паспорты);


- Өзбекстан Республикасы азаматының биометрикалық емес үлгідегі паспорты;


- Өзбекстан Республикасына оралу үшін сертификат (Өзбекстан Республикасына оралу үшін ғана);


- Әуе кемесінің экипажы мүшесінің куәлігі (экипаждың құрамында жүруі кезінде);


- Үкіметаралық фельдъегерлік қызмет қызметкерінің жеке куәлігі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,446 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,257 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,343 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,986 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,185 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.