AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Қазақстандықтардың 86,7 пайызы Президентке сенім б...

Қазақстандықтардың 86,7 пайызы Президентке сенім білдіреді

Саясат 14.09.2026, 17:42 305

Елдегі жағдайды оң бағалайды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстандықтардың басым бөлігі негізгі мемлекеттік институттарға сенім білдіреді және елдегі жағдайды оң бағалайды. Бұл Қазақстандық қоғамдық даму институты жүргізген 2026 жылдың III тоқсанындағы қоғамдық-саяси жағдайдың негізгі индикаторлары зерттеуінің нәтижелерімен расталады.

Ел Президентіне деген сенім деңгейі өсіп келеді – 86,7%. Өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда, бұл көрсеткіш 3 пайыздық тармаққа өсті.

Сенімнің жоғары деңгейі негізінен енгізіліп жатқан өзгерістердің ұдайы қоғам назарында болуымен байланысты. Респонденттердің 65,8 пайызы Президенттің бастамалары туралы ақпаратты тұрақты түрде немесе оқтын-оқтын алып тұрады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бірқатар бастамалары, оның ішінде өткен жылы Қазақстан халқына Жолдауында айтылып, қазіргі уақытта іс жүзінде іске асырылып жатқан бастамалары азаматтар тарапынан қолдау тауып отыр.

Үшінші тоқсан қорытындысы бойынша ең көп қолдау тапқан үш бастаманың қатарына бір палаталы Құрылтайға көшу, 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау, сондай-ақ «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында тұрғын үй жағдайын жақсартуға және білім алуға арналған қаражатты есептеу және пайдалану бастамалары кірді.

Технологиялық даму, атом энергетикасы, білім мен ғылым саласындағы, сондай-ақ «Таза Қазақстан» аясында іске асырылатын бастамалар айтарлықтай қоғамдық қызығушылық тудырып отыр.

Осылайша, қолдаудың жоғары деңгейі ел дамуының жалпы бағытына ғана емес, институционалдық құрылымға, жаңа технологияларға, адами капиталға және азаматтардың өмір сүру сапасына қатысты нақты шешімдерге де қатысты болып отыр.

Жалпы алғанда, III тоқсанның нәтижелері мемлекеттік институттарға деген сенім деңгейінің тұрақты сақталғанын және елдегі ахуалдың негізінен оң қабылданатынын көрсетеді.

Сауалнама 31 шілде мен 16 тамыз аралығында жүргізіліп, Қазақстанның 18 жастан асқан ересек тұрғындарының жынысы, жасы, елді мекен түрі және тұрғылықты өңірі бойынша құрылымын көрсететін ұлттық іріктеме негізінде 2 400 респондентті қамтыды. Іріктеменің ең жоғары ауытқу шегі 95% сенімділік ықтималдығында ±2%-дан аспайды

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);