ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Спорт / Қазақстандықтар нысана көздеуден Азия чемпионатынд...

Қазақстандықтар нысана көздеуден Азия чемпионатында көш бастады

Спорт 19.09.2021, 16:17 1,259
Қазақстандықтар нысана көздеуден Азия чемпионатында көш бастады
Cурет: Olympic.kz
Бұл - отандық мергендер үшін ең жоғарғы көрсеткіш.

Бұл - отандық мергендер үшін ең жоғарғы көрсеткіш.


Шымкентте нысана көздеуден 14-ші Азия чемпионаты аяқталды. Құрлықтық жарыс нәтижесі бойынша Қазақстан командасы 12 алтын жеңіп алды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz  Olympic.kz-ке сілтеме жасап.


Қазақстандық мергендер 12 алтын, 12 күміс және 12 қола медальмен жалпыкомандалық есепте көш бастады. Екінші орынға 5 алтын, 8 күміс және 4 қола медаль жеңіп алған Өзбекстан командасы, үшінші сатыға 5 алтын және 3 күміс иеленген Индонезия құрамасы жайғасқан. Азия біріншілігіне құрлықтың 10 мемлекетінен 176 спортшы қатысты. Командалар арасынан Кувейт құрамасы ғана жүлдесіз қалды. Нысана көздеуден Қазақстан командасының бас бапкері Ольга Довгунның айтуынша, бұл - отандық мергендер үшін ең жоғарғы көрсеткіш.



«Біз Азия чемпионаты сынды ірі бәсекені өз жерімізде алғаш рет өткізіп тұрмыз. Осы орайда, аталған біріншілік ұйымдастыру жағынан да бізге үлкен тәжірибе болды. Құрлықтық дода өз елімізде өтіп жатқандықтан, ересектер мен жасөспірімдер арасында толық құрам қатыстыруға, алдағы буынды да бір тексеріп алуға тырыстық. Азия чемпионатындағы нәтижеміз көңілден шығары. Қазақстан рекорды жаңарғанын көрдіңіздер. Жай ғана жаңарып қойған жоқ, мұндай нәтижемен әлемдік жарыстарда финалға өтіп, жүлдеге таласуға мүмкіндік бар. Барлық спортшылар өздерін жақсы қырынан көрсетті. Жасөспірімдер мұндай ірі жарысқа алғаш қатысып тұрса да, атақты қарсыластарынан қорықпай, финалда жақсы нәтиже тіркеді. Ересектер арасынан ел рекордын жаңартқан Ислам Усейновты ерекше атап өткім келеді. Жасөспірімдер арасынан Никита Шахторин көзге түсті. Ол да ел рекордына түзету енгізді. Осы дода арқылы біз жас спортшылардың әлеуетін де бір сынап алдық. Азия чемпионатын абыроймен өткізгені үшін барлық спортшыларға, бапкерлер мен ұйымдастырушыларға алғыс айтамын»,- дейді бас бапкер Ольга Довгун.



Шымкентте өткен Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алған қазақстандық спортшылар:


1. Ислам Усейнов (жекелей сын, командалық сын, ҚР рекорды)


2. Эльдар Иманқұлов (жекелей және командалық сын)


3. Зухра Ирназарова (жекелей сын)


4. Никита Шахторин (жекелей және командалық сын, жасөспірімдер арасында ел рекорды)


5. Александра Ле (жекелей сын, жасөспірімдер)


6. Салтанат Әзімбаева (жекелей сын, жасөспірімдер)

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.