Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандықтар енді шомылу орындары жайлы ақпарат...

Қазақстандықтар енді шомылу орындары жайлы ақпаратты мобильді қосымша арқылы біле алады

Әлеумет 16.05.2022, 08:14 1,023
Қазақстандықтар енді шомылу орындары жайлы ақпаратты мобильді қосымша арқылы біле алады
Сурет: Stan.kz

Ендігі уақытта қазақстандықтар шомылуға рұқсат берілген немесе тыйым салынған су айдындары туралы мәліметті мобильді қосымшаның көмегімен анықтай алады.


Бұл туралы ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Ересектер мен балалардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ақпараттық-профилактикалық жұмыс үздіксіз жүргізіліп келеді. Жыл басынан бері БАҚ-қа арналған 135 брифинг өтті. Радио және теледидарларда біздің өкілдер 4261 рет эфирге шықты. Сонымен қатар газеттер мен журналдарда 587 мақала жарияланды. Сол сияқты әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде судағы қауіпсіздік ережелері бойынша 52 бейнеролик орналастырылып, күн сайын көрсетіліп жатыр», - деді Бауыржан Сыздықов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.



Сондай-ақ, комитет басшысының мәлімдеуінше, халық арасында 120 мыңнан астам жадынама таратылып, су айдындарында 2 мыңнан астам қауіпсіздік белгілері орнатылды.



«Азаматтардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу шарасы ЖОО-да ұйымдастырылып жатыр. Осы күнге дейін 1,5 млн адамды қамтыған 854 интерактивті сабақ және жиын өтті. Одан басқа, «2GIS» картографиялық платформасында (мобильді қосымша) еліміздің барлық өңіріндегі су айдындарында шомылуға тыйым салынған (4994) және рұқсат етілген (490) орындар туралы мәліметтер орналастырылды», - дейді ол.



Бұған дейін еліміз бойынша суға шомылуға рұқсат берілген 490 орынның барын хабарладық.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#шомылу #Мобильді қосымша #Ақпарат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.