AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Қазақстандық «Зере» фильмі «Лістапад» кинофестивал...

Қазақстандық «Зере» фильмі «Лістапад» кинофестивалінде жүлделі орынға ие болды

Не? Қайда? Қашан? 15.11.2022, 10:27 1,850
Қазақстандық «Зере» фильмі «Лістапад» кинофестивалінде жүлделі орынға ие болды
Сурет: Inform.kz

«Лістапад» - Беларусьтегі кино саласының ең ірі фестивальдерінің бірі.


Биыл фестиваль 4-11 қараша аралығында өтті. Оған отандық режиссер Дәурен Қамышбаевтың «Зере» толықметражды картинасы қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы таратқан мәліметке сенсек, халықаралық Минск кинофестивалінде үздік дыбыстық (музыкалық) шешім үшін жүлде қазақстандық композитор Дана Зулпыхарға «Зере» фильміндегі жұмысы үшін берілді.


Айта кетейік, «Зере» фильмі «Қазақфильм» киностудиясы, Qara Production, Libertus Film, cinema D және Жамбыл облыстық кино орталығының қолдауымен түсірілді.


«Зере» - қазақстандықтарға жақын сюжеті бар драма. Ол күйеуінің қайғылы қазасынан кейін қызын ауылдағы ең бай және ықпалды адамға әйел ретінде сатпақ болған кезде анасының еркіне қарсы шыққан бостандықты сүйетін қыз туралы. Бірақ Зере тәкаппар Талап есімді балықшы жігітке ғашық болып, жасырын үйлену үшін онымен бірге қашып кетеді.


Кинокартинада басты рөлдерді Адина Бажан, Сануржан Сүлейменов, Мұрат Бисембин, Берік Айтжанов, Ольга Ландина, Елжас Рахим және басқа да актерлер сомдады. Фильмнің түсірілімі Балқаш көлінің маңында, Мойынқұм құмдарының фонында орналасқан Тайсойған балық аулау аралында өтті.


Сондай-ақ қыркүйек айының соңында Мәскеудегі «Киношок» фестивалінің толықметражды фильмдер байқауында қазақстандық «Зере» фильмі Үздік музыка номинациясын жеңіп алған болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Зере фильм #Кинофестиваль #жүлделі орын
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);