AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Қазақстандық сырнайшы әлем чемпионы атанды

Қазақстандық сырнайшы әлем чемпионы атанды

Мәдениет 19.10.2021, 17:05 1,341 Almaty-akshamy
Қазақстандық сырнайшы әлем чемпионы атанды
Cурет: Kursiv.kz

Павлодарлық Олжас Нұрланов «74th Coupe Mondiale» халықаралық байқауында жеңіске жетті


Павлодар облысының 22 жасар тумасы осы уақытқа дейін 30-дан астам халықаралық байқаудың бас бәйгесі мен жүлдесін алып үлгерген. Ал әлем кубогы байқауы – аккордеоншылар халықаралық конфедерациясы жыл сайын өткізетін аккордеон орындаушыларының сайысы, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Kursiv.kz-ке сілтеме жасап.


Алғаш рет 1938 жылы Парижде өткен байқау биыл Мюнхен қаласында 13-17 қазан аралығында ұйымдастырылды. Чемпион атағы үшін бүкіл әлемнің орындаушылары бақ сынады. 


Олжас өнер көрсеткен «Senior Coupe Mondiale» санатындағы байқау үш турдан тұрды. Байқау финалына жеті музыканттың төртеуі ғана өтті. 
Павлодарлық таланттың орындауындағы Иоганн Себастьян Бах, Доменико Скарлатти, Ференц Лист, Михаил Глинканың шығармалары қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланды. 



«Әлем кубогы – әрбір кәсіби сырнайшы үшін ерекше сыйлық. Мен бұл мақсатқа жетуге  бала кезімнен тырыстым, барымды салдым. Осындай жетістікке жетуге себепкер болға ұстаздарыма, қолдау көрсеткен жанашыр жандарға алғыс айтамын»,-дейді өнерпаз. 



Олжас Нұрланов 1999 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген. 6 жасында дарынды балаларға арнаған музыкалық мектеп-интернаттың баян сыныбына оқуға түсті. Музыкалық колледжде Татарстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі, профессор, «Құрмет» орденінің кавалері Дамир Султановтан сабақ алды. 2018 жылы білімін Ресей музыка академиясында жалғастырып, Ресей Федерациясының Халық әртісі, профессор Липс Фридрих Робертовичтің класында тәлім алды. 


Қазіргі уақытта Людмила Зыкина атындағы «Россия» ансамблінің солисі болып еңбек етеді. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сырнай #Әлем чемпионы #өнер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);