AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақстандық студенттер әзірлеген ЖИ жобасы АҚШ-та...

Қазақстандық студенттер әзірлеген ЖИ жобасы АҚШ-та жеңіске жетті

Білім және ғылым 03.05.2026, 10:58 207 Сұлу
Қазақстандық студенттер әзірлеген ЖИ жобасы АҚШ-та жеңіске жетті
Асхат Жұмабеков

Қазақстандық студенттер әзірлеген ЖИ жобасы Нью-Йоркте жеңіске жетті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстандықтардың әзірлемесі Нью-Йоркте өткен беделді Abilities Expo көрмесі аясындағы RESNA (Rehabilitation Engineering and Assistive Technology Society of North America) байқауында бас жүлдені жеңіп алды.

Қазақстандық Жан Аманкелді (КБТУ) мен АҚШ-тағы Berea College студенті Богдан Миронов физика пәнінің мұғалімі, әлемнің үздік 50 педагогінің қатарына енген Асхат Жұмабековтың жетекшілігімен Kozha атты тегін платформаны әзірледі. Жасанды интеллектке негізделген бұл жоба оқу лекцияларын, мәтіндер мен видеоларды нақты уақыт режимінде ым-ишара тіліне аударады.

Жоба жетекшісі Асхат Жұмабековтың айтуынша, қазақстандық команданың Нью-Йорктегі финалға шығуының өзі тарихи жетістік болса, жеңіске жетуі — ел ғылымы мен жастар әлеуетінің айқын көрінісі. Байқау қорытындысы бойынша команда ондаған елден келген қатысушылар арасынан озып шығып, Joey Wallace Educational Scholarship Fund қорынан 1000 доллар көлеміндегі бас жүлдені иеленді7

Бүгінде әлемде 430 миллионнан астам адам есту қабілетінің айтарлықтай төмендеуімен өмір сүреді. Қазақстанда ғана 5 мыңнан астам саңырау және нашар еститін бала білім алып жатыр, алайда білікті сурдоаудармашылар әлі де жеткіліксіз.
Осы тұрғыда Kozha платформасы жай ғана IT-жоба емес. Бұл — білімге тең қолжетімділікке жол ашатын, инклюзивті қоғам қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам. Жоба саңырау және нашар еститін балалар үшін сапалы білім алуға нақты мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жасанды интеллект #жоба #жеңіс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22

Халықаралық рейтингте Қазақстан биыл көшуге ең қолайлы ТМД елі деп танылды

Бүгін 08:58

10 маусымда ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:35

Алматының Орталық саябағы бес күн бойы жас таланттар өнерінің мерекесіне айналды

Кеше 17:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);