AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақстандық студенттер ағзаны қалыпқа келтіретін...

Қазақстандық студенттер ағзаны қалыпқа келтіретін қосымша ойлап тапты

Білім және ғылым 12.07.2023, 03:14 1,466
Қазақстандық студенттер ағзаны қалыпқа келтіретін қосымша ойлап тапты
Сурет: 24.kz

Қазақстан командасы Google Solution Challenge деп аталатын әлемдік хакатонда үздік ондыққа енді.


Назарбаев университеті мен Қазақстан-Британ техникалық университетінің студенттері мобильді қосымша ойлап шығарды.  Бұл ағзасын ауыстарған, яғни трансплантация жасалған адамдарға арналған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 


Қосымша науқастардың физикалық қана емес, көңіл-күйін қалпына келтіруге көмектеседі. Дәрі-дәрмекті уақытымен ішіп, тұрақты түрде жаттығу жасау қажет.  Оған қоса әрдайым дәрігермен байланыста болғаны жөн. Бұл трансплантация жасалған науқастарға қойылатын басты талап. Осы айтылғандарды өзіміздің студенттер әзірлеген ReVita мобильді қосымшасы арқылы бақылауға болады. Қосымшаға электрондық поштаны енгізіп, жеке кабинет ашып, медициналық деректерін тіркесе болғаны. Көрсеткіш смарт сағат немесе смарт сақина  арқылы оқылады. Содан кейін автоматты түрде емдеуші дәрігерге беріледі. Бұл жобаның ерекшелігі сол науқас емханаға бармай-ақ, өзінің денсаулығына қатысты деректерді қосымшадан бақылап отырады.



«Оның тағы да бірнеше қосымша қызметі бар. Яғни, осы қосымшаны қолданған адамға спортпен қалай дұрыс айналысуға болатынына дейін кеңес береді. Яғни, сол жерде емделушілердің өзара пікір алмасып, бір-бірімен сөйлесе алады», - деді ҚБТУ 3 курс студенті Аңсар Серікбаев. 



Жоба авторларының айтуынша, дайындық жұмыстарының өзіне біраз уақыт жұмсаған. Трансплантация жасайтын орталық мамандарымен кеңесіп, ондағы науқастармен сөйлескен.



«Жылдың соңына дейін бағдарламаны толықтыра келе он шақты адамға бергіміз келеді. Осы он шақты адам біздің бақылау алаңымыз болады. Бақылаудан өткеннен кейін біз тағы қосымша әзірлеме жұмыстарын өткіземіз. Алдымен пациенттерге жабық альфа және бета тестілеу өткізіледі. Содан кейін нарықтық осындай платформа енгізіледі. Яғни әртүрлі клиникалар, дәрігерлер біздің бағдарламамызды өздерінің науқастарына ұсына алатын болады», - дейді Назарбаев университетінің 3 курс студенті Мадияр Молдабаев. 



Қазір қосымшаны жетілдіру жұмыстарымен жеті адам айналысып жатыр.   Олар хакатон аясынан шығып, оған  жасанды интеллектке негізделген кең функционалды қосуды көздейді. Ол науқастың тағы қандай қосымша ауруы бар екенін және оның қашан белгі беретінін болжай алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қосымша #ағзаны қалпына келтіру #студенттер #Ғылым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);