AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұры...

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Спорт 20.05.2026, 18:39 172 yakiya
Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды
Ұлттық ұлан

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл туралы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мәскеу қаласының Халықаралық самбо орталығында Мәскеу спорт департаменті мен Халықаралық қоян-қолтық федерациясының ұйымдастыруымен "Достық кубогы" жекпе-жектен Әлем кубогының кезеңі өтті.

Бесінші рет өткізіліп отырған турнир әлемнің 16 елінен 250-ден астам спортшыны жинады. Қатысушылар "Дуэль", "Өзін-өзі қорғау" және "Өзін-өзі қорғау 1+1" пәндері бойынша 30 марапат жиынтығын сынға салды.

Халықаралық турнирде ҚР ІІМ Ұлттық ұланының "BURKIT TEAM" командасының жауынгерлері де жоғары нәтиже көрсетті. 58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Әйгерім Төреханова сенімді түрде алтын медаль жеңіп алып, Әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы атанды. Өз кезегінде 67 келіге дейінгі санатта Әсембай Манарбек тұғырдың екінші сатысына көтеріліп, жарыстың күміс жүлдегері атанды.

Әлем кубогы кезеңінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы турнирдің ең мықты командаларының қатарына кіріп, 30 медаль, оның ішінде 17 алтын жеңіп алды. Қазақстандық спортшылар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, жалпы командалық есепте екінші орынды иеленді.

Халықаралық турнир аяқталғаннан кейін, елге оралған отандық спортшыларды Қазақстанда жанкүйерлері, ҚР ІІМ Ұлттық ұланының өкілдері, “Burkit Team” командасы, сондай-ақ туыстары мен жақындары салтанатты түрде қарсы алды. Әуежайда спортшыларды ерекше қошеметпен, тамаша ән-жырмен құттықтап, әлемдік аренада лайықты өнер көрсеткені үшін алғыстарын білдірді.

Қазақстандық спортшылардың беделді халықаралық турнирде табысты өнер көрсетуі отандық қоян-қолтық, жекпе-жек мектебінің жоғары дайындығының дәлелі болды және ұлттық құраманың жалпы нәтижесіне елеулі үлес қосты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлттық ұлан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22

Халықаралық рейтингте Қазақстан биыл көшуге ең қолайлы ТМД елі деп танылды

Бүгін 08:58

10 маусымда ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:35

Алматының Орталық саябағы бес күн бойы жас таланттар өнерінің мерекесіне айналды

Кеше 17:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);