AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Қазақстандық цирк артистері Алтын тәждің иегері ат...

Қазақстандық цирк артистері Алтын тәждің иегері атанды

Мәдени Алматы 04.06.2025, 11:18 1,422 Bakyt
Қазақстандық цирк артистері Алтын тәждің иегері атанды
Алматы қаласы әкімдігі

Қазақстандық өнерпаздар Саратовтағы «Цирк ханшайымы – 2025» халықаралық фестивалінде «Алтын тәжді» жеңіп алды

Қазақстандық цирк артистері Жасмина Алшынбаева мен Авелина Гузей Ресейдің Саратов қаласында өткен XI Халықаралық цирк өнері фестивалі «Цирк ханшайымы – 2025»-те ең жоғары марапат — Алтын тәждің иегері атанды, деп хабарлайды 

2005 жылдан бері өткізіліп келе жатқан бұл айтулы форум әлемнің түкпір-түкпірінен цирк сахнасының үздік өкілдерін жинап, цирк өнерінің дамуына әйелдердің қосқан үлесін ерекше атап өтеді. Биыл Ресейдің ең көне циркі — ағайынды Никитиндер атындағы Саратов мемлекеттік цирк аренасында АҚШ, Мексика, Қытай, Вьетнам, Испания және Қазақстан секілді 13 елден қатысушылары өнер көрсетті.

Қазақстан атынан Қазақ мемлекеттік циркінің артистері – әйгілі цирк әулетінің өкілі Жасмина Алшынбаева мен талантты әуе гимнастшысы Авелина Гузей қатысты. Олар қоюшы-режиссер Зарина Тапалованың жетекшілігімен алғаш рет «Әуе сферасы» деп аталатын «сақинада жұптаса өнер көрсету» жанры бойынша нөмір ұсынды.

Күш, сұлулық және мінсіз техниканы ұштастырған бұл әсерлі қойылым халықаралық қазылар алқасы мен көрермендерді тәнті етіп, өнерпаздар фестивальдің бас жүлдесін иеленді.

«Біз бұл нөмірді бірнеше ай бойы дайындадық, әр қимылымызды әбден ұштадық. Бұл өте жауапты сәт болды: премьера, жаңа сахна, халықаралық қазылар. Бірақ күмбез астына шыққан сәтте қобалжу шабытқа айналды. Бұл біздің жұлдызды сәтіміз болды», - деді Жасмина Алшынбаева.

Қазақстандық гимнастшылардың бұл жеңісі – жекелеген жетістік емес, бүкіл отандық цирк өнері үшін зор табыс. Бұл Қазақстанның кәсіби деңгейінің және шығармашылық әлеуетінің әлемдік аренада жоғары екенін дәлелдейтін үлкен жетістік.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Цирк #алтын тәж
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);